Құймақ

Құймақ құрамы:

  • 2 жұмыртқа;
  • 2 стақан сүт;
  • 1,5-2 стақан ұн;
  • 2 ас қасық қант;
  • 0,5 шай қасық тұз;
  • 0,5 шай қасық ас содасы;
  • 2 ас қасық сұйық май.

Құймақ дайындау:

Жұмыртқа мен қантты араластырамыз. Тұз, сүт, сұйық май, ас содасын қосамыз. Ұнды біртіндеп қоса отырып, жақсылап араластырамыз. Құймақтың қамыры қою да, сұйық та болмауы керек. Құймақ пісіретін табаға кішкене май тамызамыз. Бір кішкентай ожау көлемінде құймақтың қамырын құямыз. Екінші бетіне аударамыз.Дайын құймағымызды құлпынай тосабымен немесе қаймақпен бірге дастарханға қоямыз.Құймағымыз дайын.

Яндекс.Метрика