КФС тауықтары

Керекті заттар:

? Тауықтың етi 1дана
? тұз
? қара бұрыш
? қызыл бұрыш
? зәйтүн майы 3а.қ
? жұмыртқа 2дана
? ұн
? балқытылған iрiмшiк (плавленый сыр) 50-60гр
? сұйық май

Дайындау жолы:

1. Тауықтың төс етiн көлденеңiнен жапырақтап кесемiз. Оған тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш және зәйтүн майын қосып араластырамыз. Еттi 30 минутқа қойып қоямыз. Балқытылған iрiмшiкке құрғақ ұн қосып ұнтақ болғанша үгiтемiз. (Ұнтақталғанша ұн қоса беремiз). Жұмыртқаға тұз қосып араластырамыз.

2. Табаға көбiрек сұйық май құйып қыздырамыз. Май қызған кезде, тауықтың етiн жұмыртқаға малып аламыз да, ұнтаққа аунатып, қызған майда қызарғанша пiсiремiз. Қазаннан жаңа пiскен тауық еттерiн бiрiншi қағазға қойып, майын сорғытып аламыз. Соңғы еттер пiскенше артық майы да сорғиды. Сосын дастарханға ұсына беруге болады.
Сәл қытырлақ болсын десеңiз, ұнтаққа ұсақталған чипси қосуға болады

Яндекс.Метрика