Котлет

Құрамы:

  • • фарш – 500 гр;
  • • картоп – 1 дана;
  • • жұмыртқа – 1 дана;
  • • нан – 2 тілім;
  • • сүт;
  • • тұз, бұрыш, сұйық май.

Дайындалуы:
Картопты үккіштен өткіземіз. Пиязды барынша майдалап тураймыз. Нанды сүтке жібітіп қоямыз. Фаршқа жұмыртқа қосып, араластырамыз. Оған картоп, пияз, езілген нанды қосамыз. Тұздап, бұрыштап, араластырамыз. Фарштан котлет жасап, ұнға аунатамыз. Табаға май құйып, котлеттерді қуырамыз. Екінші жағын аунатып қызарғанша қуырамыз. Гарнирге өз қалайыңызша күріш немесепюре жасасаңызда болады.

Яндекс.Метрика