Құлпынай қосылған тəтті рулет

Керекті заттар:

? жұмыртқа 5 дана
? қант 200 гр
? ұн 200 гр
? ванилді сахар 1 ш.қ
? қопсытқыш 1 а.қ
? ыстық су 5 а.қ

Дайындау жолы:

➖ 1. Жұмыртқаға қантты, ванилді қантты қосып, көлемі үлкейгенше шайқаймыз. Үстіне ыстық суды құйып, тағы шайқаймыз. Басқа ыдысқа ұнға қопсытқышты қосып араластырамыз. Оны жұмыртқа қоспасына аз-аздан салып, күрекшемен араластырамыз.

➖ 2. Қағаз төселген формаға қоймалжың массаны құйып, тегістейміз.
Оны 200° та қызған пеште 12-15минут пісіреміз. Піскен коржды орамалға аударып аламыз. Орамалымен орап, суытып қоямыз. Кремді əзірлейміз. Менде құлпынай тосабы.

➖ 3. Суыған коржға кремді жағып, ептеп ораймыз. Үстін қалағаныңызша безендіресіз. Сосын қолдана беруге болады.

Яндекс.Метрика