Наполеон торты

Құрамы:

🔹 Сары май – 300гр
🔹 жұмыртқа – 2 дана
🔹 су – 150 мл
🔹 сірке суы – 1 ас қасық
🔹 тұз
🔹 ұн

Кремге керегі:

🔹 Сары май -300-350 гр
🔹 Сгущенка – 1 банка

Напалеон тортының дайындалуы:

Жұмыртқаларды араластырамыз да тұз қосамыз. Суық суға сірке суын қосып, жұмыртқаға қосамыз. Енді сары май мен ұнды қосып жақсылап, қамыр илейміз. Қамырды 10 немесе 12 бөлікке бөліп тоңазтқышқа жарты сағатқа қоямыз. Жарты сағат өткен соң қамырымызды алып, жаямыз. Барлық қамырымызды дөңгелектеп жайып, пешке пісіреміз .
Кремімізді дайындаймыз. Сары май мен сгушенканы миксерге салып жақсылап араластырамыз.
Дайын болған корждарымызды алып арасына кремді жағамыз. Бір екі коржымызды үгітіп, тортымыздың жанғына айналдыра және үстіне себеміз. Напалеон тортымызды тоңазтқышқа 2-3 сағатқа қоямыз. Дастарханға қоярда бетін өз қалауыңызша жемістермен сәндеп қоюыңызға болады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика