Үнді палауы

Кажетті заттар:
500 г тауық филесі
2 стақан үнді сары күріші (табу қиын емес)
4 сәбіз
2 пияз
1 қызанақ
50 мл өсімдік майы
50 г сары май
20 г миндаль
20 г мейіз
2 ас қасық араласқан дәмдеуіштер (кумин, кориандр, корица, куркума),
2 дана сарымсақ
йогурт
тұз
бұрыш

Жасалуы:
Тауықтың етін алдын-ала 4-5 сағат раласқан дәмдеуіш жане йогуртпен маринадтап қойыңыз. Күрішті жуыңыз, сәбіз және пиязды тураңыз, сарымсақты үккіштен майдалап өткізіңіз. Пиязды өсімдік майында қуырыңыз, соңынан сәбіз , сарымсақ және қалған дәмдеуіштерді қойыңыз. Қазанды 2-3 минутқа жауып қойыңыз Бөлек ыдыста, сары майда миндальды қуырыңыз, соңынан мейізбен күрішті салыңыз . Су құйып , күріш жартылай піскенге дейін қайнатыңыз.Қазанда тауық етін шамалы қуырып, қалған екі ыдыстағы пісіп жатқан күрішпен дәмдеуіштерді қосыңыз. Үстінен ыстық су құйып, дайын болғанға дейін (30-40 минут) пісіріңіз. Пісуіне 10 минут қалғанда туралған қызанақты салыңыз.Палау дайын! Ас болсын!

­

Яндекс.Метрика