Пеште тауық етінен кәуәп

 

Құрамы:

Тауық еті -600гр
Пияз — 1 дана
Томат пастасы — 1 асқасық
Қаймақ немесе майонез — 1 асқасық
Сарымсақ — 3-4 дана
Тұз
Қара бұрыш
Тауыққа арналған дәмдеуіш — 1 асқасық

Салат үшін:

Қияр — 3 дана
Қызанақ — 2 дана
Болгар бұрышы — 1 дана
Аскөк
Көк пияз
Салат жапырағы
Ақжелкен
Қара бұрыш
Вегета
Сұйық май
Лимон шырыны
Гарнир: Жасалу жолы МЫНА жерде
Картоп — 1 кг
Картопқа арналған дәмдеуіш -1 қалта
Сұйық май
Тұз

Қосымша:

Шампура
Баттон нан
Дайындалуы:
Тауықтың кеуде етін қолданамыз. Жұқа және төрт бұрышты етіп тураймыз. Пиязды үккіштен өткіземіз. Сарымсақты да үккіштен өткізіп, тұз, қара бұрыш және дәмдеуішті салып, қаймақ және томат пастамын салып, араластырамыз да, 20 минутқа маринадталуға тоңазытқышқа қоямыз. Маринадталған етімізді шампураға тіземіз. Барлығын фольга төселген табаға қойып, 220 дәрежеде 30 минут шамасында пісіреміз. Кәуәп піскенше салатын дайындаймыз, ыдысымызға қияр, қызанақ, болгар бұрышын, аскөк, ақжелкен және көк пияз, салат жапырағын турап, вегета сеуіп, қара бұрыш және лимон шырынын сығып, азғантай сұйық май құйып, араластырамыз. Кәуәп қызарып пісу керек. Батон нанды 220 дәрежедегі пешке турап қытырлақ болу үшін 20 минуттай кептіреміз. Ыдысымызға гарнирімізді, салатымызды, қытырлақ нанымызды және кәуәпті қойып, сүйіктілерімізге ұсынамыз. Ас болсын!

 

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика