Пеште қуырылған картоп пен котлет

­

ҚҰРАМЫ: ?Картоп — 3-4 дана
?Тәтті бұрыш(болгар бұрышы) — 3-4 дана
Котлетіне:
?Тартылган ет — 500 гр
?Пияз — 1 дана
?Батон нан — 4-5 тілім
?Жұмыртқа — 1 дана
?Ақжекен(петрушка) — 4-5 тал
?Тұз
?Қара бұрыш
Соусына:
?Томат пастасы — 2-3 асқасық
?Су — 1 стақан
?Сұйық май — 2-3 асқасық.

Дайындалуы:
Нанды және сарымсақты бірдей етіп блендорға салып үгітіп аламыз. Фаршты пиязбен қосып араластырамыз. Ыдысымызға салып, үстіне үгітілген нанымызды салып, жұмыртқа, қара бұрыш, тұз салып, араластырып, алақанымызға сыятындай етіп, котлет жасаймыз. *ҚОЛЫҢЫЗҒА ЖАБЫСА БЕРСЕ, ҚОЛЫҢЫЗДЫ САЛҚЫН СУМЕН ЫЛҒАЛДАНДЫРЫП АЛЫП ТҰРЫҢЫЗ!!!

Картоптардын пішінін бірдей етіп кесеміз. Болған соң фотодағыдай кезек-кезек котлетпен картопты қоямыз, жанына тәтті болгар бұрыштарын саламыз. Үстіне тұз себеміз. 1 стақан суға томат пастасы мен сұйық майды құйып, әбден араластырамыз. Котлет, картоп, болгар бұрышының үстіне құйып, 180 дәрежеде қызған пеште 35-40 минуттай пісіреміз. Астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика