Сүзбе

Ұлттық мәзірлеріміздің тағы бір түрі — сүзбе. Сүзбені ашыған сүт не айраннан дайындайтыны белгілі. Егер сүзбені арнайы дорбаға салып күн астында кептіріп алса, онда тұзбен дәмін келтіріп құрт жасауға да болады. Әзірге сүзбенің өзімен таныс болайық.

Дайындалуы:

Айран(сүт) ыдысқа құйып, отқа қоямыз. Жәй отта ұстаған жөн, айран қайнап кетсе сүзбе дұрыс болмайды. Ыдыс түбіне сүзбе шөгіп, бетіне ақшыл сары түсті сұйықтық бөліне бастағанда отты сөндіреміз. Арнайы дорбаға (марля) құйып суын төгеміз немесе ас үйде қолданатын сүзгіні қолдануға да болады.

Сүзіп алған сүзбемізді бөлек ыдысқа салып, үстіне қант себуге яки жеміс-жидектерді қосып ұсынуға да болады. Сүзбеге қаймақ қосқан да жақсы, одан бөлек сүзбеден түрлі мәзірлер дайындауға да болады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика