Шоколад пастасы қосылған круассан

✔ Керекті заттар:

✔ Қамырына:

Сүт — 1 ст (жылы)
Су — 1 ст (жылы)
Сұйық май — 0,5 ст
Жұмыртқа — 1 шт + 1 ақуызы
Тұз — 1 шай қасық
Секер 2-3 асқасық
Ашытқы (дрожжь) — 1 асқасық
Ұн — 5 стақан

✔ Дайындау жолы:

✔ Ыдысқа сүт, су, сұйық май құйып, тұз, құмшекер , ашытқы, 1 жұмыртқа + 1 жұмыртқаның ақуызын салып, араластырамыз. Үстіне ұн салып, жұмсақ қамыр илейміз. Қамыр көтерілгеннен кейін бірдей бөліктерге бөлеміз, маргаринді жұқалау қылып кубик етіп кесіп алып, әр қамырдың үстіне қойып шығамыз, енді маргарині бар қамырларды бірінің үстіне бірін қойып, қолымызбен басып, xолодильникке 10-15 мин қоямыз. Қамырды алған соң, үстінен басып жұқалау қылып жаямыз да, үшбұрышты бөліктерге бөліп, шоколад пастасын салып, суреттегідей ораймыз. Бетіне жұмыртқаның сары уызын жағып, 200 С та қызарғанша пісіріп аламыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика