Суши

✔ Қажетті заттар:

➖ Нори жапырақтары — 1 калта (10 түйір)
➖Күріш — 1 кг
➖ Сұйық май — 2-3 асқаысық
➖ Күрішке арналған уксус қышқылы — 3 асқасық

✔ Салмасына:

➖ (семга) — 200гр
➖ Қияр -1 дана
➖ Ірімшік (сыр) -100
➖ Краб таяқшалары (крабовые палочки) — 100 гр
➖ Консервідегі уылдырық
➖ Кунжут
➖ Тмин

✔ Соусына:

➖ Сое соусы — 4 асқасық
➖ Күрішке арналған уксус қышқылы — 1 асқасық
➖ Су — 3 асқасық
➖ Маринадталған імбір

✔ Дайындау жолы:

✔ Күрішті қайта-қайта жуып, Күрішке арналған уксустан 2 асқасық құйып, сұйық май құйып, тұз салып, күрішімізді пісіріп аламыз.
Күрішіміз тезірек салқындауы үшін улкендеу ыдысқа саламыз және салқындағаннан кейін үстіне 1 асқасық күрішке арналған уксус құйып араластырамыз.

✔ Күрішті орналастыру барысында қолымызға жабыспауы үшін, 3 асқасық күрішке арналған уксусқа 2 асқасық су құйып дайындап қоямыз және күріш қолымызға жабыса бастағанда қолымызды осы қышқыл сумен ылғалдап тұрамыз. Қаласаңыз суға лимон сығып та жасасаңыз болады. Енді салмасын дайындаймыз, балықтың қабығын алып, ұзыншалап тураймыз.Қалған заттарды да турап шығамыз. Краб таяқшаларының қызылға боялған жерін алып тастаңыз! Нори жапырақтарын алып, жылтырлақ жағын төмен қаратып.

✔ (ЫСТЫҚ КҮРІШ САЛУҒА БОЛМАЙДЫ) салқындаған күрішімізді, балық пен қиярды салып және бір шетін бос қалдырып, ораймыз.
Екіншісіне күріш салып, қияр, краб таяқшаларын және ірімшік салып жасаймыз. Үшіншісіне күріш салып, тмин мен кунжут сеуіп, теріс айналдырып, балық пен қиярды салып, ораймыз. Төртіншісіне консервідегі уылдырықты күріштің бетіне салып, қияр, краб таяқшаларын және ірімшік салып жасаймыз. імбір алып, сушиіміздің қасына салып береміз. Ал соусын дайындау үшін 4 асқасық сое соусына + 3 асқасық су + 1 асқасық күрішке арналған уксус қышқылын құйып араластырамыз

Яндекс.Метрика