Жаңғақты печенье

Құрамы:

2 жұмыртқа
200 гр сары май
1 стакан құмшекер
1 шәй қасық ас содасы
1 кесе сүт
100-150 гр жаңғақ
ұн (мөлшеріне қарай)

Жасалуы:

200 гр сыры майды ерітіп аламыз. Жұмыртқа мен құмшекерді көпіргенше араластырып еріген майға құямыз. Үстіне 1 кесе сүтті және 1 шәй қасық ас содасын салып жақсылап араластырып, соңында грек жаңғағын қосып, ұнды еппен салып отырып қамыр илейміз. Қамырды 10-15 минутқа қалдырамыз. Кейін қамырды өте жұқа қылмай орташа қалыңдықпен жайып үстін кішілеу стаканмен немесе арнайы қалыппен ойыа форма шығарамыз. Бетіне қамыр күйінде майдаланған жаңғақ ұнтағын себеміз, пеште 180 градуста ұстаймыз. Ас болсын!

Яндекс.Метрика