Жазғы салат

Салат құрамы:

  • Қырыққабат – 100гр
  • Қияр – 1дана
  • Ақ нан – 1үзім
  • Салат жапырақтары – 2-3 жапырағы
  • Зәйтүн майы дәміне қарай
  • Тұз, қара бұрыш дәміне қарай

Дайындалуы:

1. Қырыққабат пен қиярды жіңішке ұзыншалап тураймыз.

2. Бір үзім ақ нанды құрғақ табада қыздырып аламыз да бөлеміз.

3. Салат жапырақтарын улкендеу қылып қолмен үземіз.

4. Шұңқырлау ыдыста қырыққабатты, қияр, нанды және салат жапырағын салып, тұз бен бұрыш сеуіп, зәйтүн майын құйып араластырамыз.

5. Дайын салатымызды тарелкаға салып өз қалауыңызша сәндеп қоюыңызға да болады.

Яндекс.Метрика