Желе салаты

Құрамы:

Сәбіз – 200 грамм,
Жасыл бұршақ – 200 грамм,
Картоп – 350 грамм,
Сиыр еті – 200 грамм,
Алма -100 грамм,
Лимонды шырын,
тұз, бұрыш қалауыңызша,
майонез -6 ас қ,
Кілегей – 3 ас қ,
Жұмыртқа – 5 дана,
Желатин – 20 грамм,
Қыша – 1 ас қ,
Сорпа – 200 грамм

Әзірлеу:

Картоп пен сәбізді қайнатып алған соң, майдалап тұраңыз. Жасыл бұршақты қосыңыз. Cиыр еті мен алманы майдалап тұрап алыңыз. Алмаға лимон шырынын сеуіп, барлығын араластырыңыз.

Соусты әзірлеу:

Майонез, кілегей, тұз, бұрышты салып, барлығын араластырыңыз. 200 гр сорпаға желатин салыңыз. Формамызға аспаздық пленкамен жауып, жарты салатты түбіне салыңыз, содан кейін жұмыртқа, содан кейін қалған салатты салыңыз.
Салатымызды тоңазытқышқа түнімен қойыңыз.

Салатымыз дайын, астарыңыз дәмді болсын!

Яндекс.Метрика