Author archives

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Қаназдық (анемия) — жүктілік кезінде өте жиі кездесетін ауру. Үнемі басты ауыртып, балтырды сыздатпағанымен, болашақ ана мен болашақ сәбидің денсаулықтарының мықты болуына кедергі келтіреді. Қаназдық дегеніміз анемия. Ол байқалған кезде қан құрамындағы эритроциттерде кездесетін гемоглобин (оттегі тасымалдағыш ақуыз) мөлшерінің кеміп кетуі орын алады. Гемоглобинмен бірге эритроциттердің кеміп кетуі де мүмкін. Бұл кесел жылдың қыс және көктем …

Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар.

Цитогенетикалық әдіс

Цитогенетикалық әдіс (цитогенетикалық зерттеу әдісі) — адамның хромосомалық жиынындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды анықтауға арналған сарапатама, зерттеу. Бұл әдіс хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Зерттеу нәтижесінде хромосомалардың саны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік туады.

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. Жас келіннің аяғы ауырлағаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары мен енелері (ағайын-туыстар арасындағы үлкен әжелер) жиналып «Құрсақ шашу»

Бесік жыры

Бесік жырының бұл нұсқасы белгілі жазушы-этнограф Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабында жарияланған. Көп жерлері бесік жырының басқа да нұсқаларындағы қатарларға сай келеді.

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Израильдің «Тель а-Шомер» медициналық орталығында 2003–2008 жылдары 45-65 жас аралығындағы алғаш рет жүкті болған әйелдерді бақылаған мамандар 45 жастан бастап алғашқы перзентіне жүкті болу әйел мен сәбидің денсаулығына қауіпті деген қортындыға келген.

Апгар шкаласы

Апгар шкаласы (Apgar score) — адам баласы дүниеге келген алғашқы минуттарында (бірінші тест бірінші минутта, екінші тест бесінші минутта) өтетін тест. 1952 жылы өткен анестезиологтардың XXVII конгресінде американдық анестезиолог-дәрігер Вирджиния Апгар (Virginia Apgar) жаңадан туылған нәрестелердің өмірлерінің алғашқы минуттарындағы жағдайларын бағалайтын жаңа жүйені көпшілік назарына ұсынды. Апгар шкаласы бойынша бағалау бес критерий негізінде жүргізіледі. Әрқайсысы …

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не? Белгілері қандай болады? Брэкстон-Хикс (Braxton Hicks) — жүктіліктің орта кезеңінен, дәлірек, 20-шы аптасынан бастап келетін жалған толғақ. Толғақтың мұндай түрі барлық жүкті әйелдерде бола бермейді. Мұндай толғақ кезінде жатыр қабырғасының бұлшықеттері қысым жасағанымен, жатырдың мойны ашылмайды.

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу, кіндігіне күтім жасау туралы

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу — дүние есігін жаңадан ашқан кішкентайға жасалатын алғашқы күтімдердің бірі. Кіндікті қашан және қалай кесу керек екендігі жайлы сантүрлі пікірлер бар. Соларға тоқталып өтейік. Кіндікті қалай кеседі? Дүние есігін ашпай тұрып, анасының құрсағында жатқан сәби үшін кіндік анасымен байланыс құралы, азықпен және оттегімен қамтамасыз етілуіне септігін тигізетін жол ретінде пайдаланылады. …

Кіндік жарығы (грижасы)

Жаңадан туылған сәбилерден бастап емшектегі балалар арасында кіндік сақинасы (кіндік грижасы) деген ауру кездеседі. Кіндік жарығы кезінде жылаған баланың кіндігі сыртқа қарай шығып кетеді. Бұл ауру айтарлықтай қауіпті емес және сәбиді көп мазалай бермейді. Кіндік жарығы кезінде кіндік сақинасы ішектің бір бөлігімен толып қалады. Бір рет көтерілген ішек аз уақыттың ішінде қалпына келе қоймайды. Мысалы, сәби …

Сәбилер өздерінің қимылдары арқылы дамиды

Сәбилер тулғаннан кейін алғашқы айлар мен алғашқы жылы өте жылдам әрі қарқынды дамып жетіледі. Мұндай кезеңде Өмір атты кітаптың беттерін енді жаза бастаған сәби ата-анасы тарапынан үлкен жауапкершілік пен жақсы күтімді қажет етеді. Бойында қуат пен ұмтылыс тұнып тұрған сәбилер айналасын танып білуге өте құштар. Қорқыныш, уайым деген түсінік мүлдем жоқ оларда. Батыр да, батыл …

Баланы дұрыс тамақтандыру: 5 кеңес

Дұрыс тамақтану — баланың өсуі мен жан-жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан аналар сәбилерінің тамақтанулары мен тағамдарға байланысты сұрақтарға баса назар аударады. Баланы кішкентай кезінде дұрыстап тамақтандырудың пайдасы немесе зияны өсе келе білінеді. Сәби кезде қоректенген тағамдардың себебінен

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік (внематочная беременность) — аналық ұрық жасушасы мен аталық ұрық жасушасының қосылып, олардан ұрықтанған жұмыртқаның әдеттегісінше жатырдың шырышты қабатына келіп түспей, аналық безде немесе жатыр түтігінде (фаллопий түтігі) қалып, сол жерде дамуы, яғни ұрықтың жатырдан тыс жерде дамуы. Ұрықтанудың барысында аналық безден келетін ұрықтанған жасуша жатыр түтігі арқылы жатырдың жоғарғы …

Яндекс.Метрика