Author archives

Балаңызбен ақылдасыңыз

Құрандағы аяттардан баланы болашақ өмірге даярлау барысында үлкендердің үнемі оған ақыл-кеңес беруі, тәрбиелеуі ғана емес, сонымен қатар онымен ақылдасып, пікірін сұрап отыру керектігін де көреміз. Бұл әрі ата-ананың баласына қаншалықты мән беретіндігін көрсетеді. «Саффат» сүресінде Ибраһим (а.с.) пайғамбар мен ұлы Исмаил (а.с.) арасында болған

Балалар аналарының миын өсіреді

Ана миының өсуі

Американдық ғалымдар өткен жылдың соңында: «Балалар аналарының миын өсіреді» — деп таң қаларлық мәлімдеме жасады. Бұның мағынасы дүниеге бала әкеліп, оның күтімін жасаған әйелдердің миындағы кейбір бөліктердің үлкейетіндігін білдіреді. Ал сыры неде?

Күннен қорғану. Күн сәулесінен қорғайтын кремдер

Күннен қорғанудың ең тиімді жолы — көлеңке. Көлеңкелі жерде жүріп-тұру арқылы күн көзінен оңай қорғануға болады. Жасы екіден төмен балалардың денесінде ультра-күлгін сәулелерден (мысалы: күн сәулесі) қорғану қасиеті болмайды. Сол үшін көлеңкелі жерде де балаларды жалаңаш алып жүруге болмайды. Басына күн сәулесін өткізбейтін баскиім, балалар арбасына (коляса) шатыр керек. Бала деген байлап қоятын ит емес, …

Жүктілік кезіндегі шаш пен тері

Аяғы ауырлап, ағзасында биологиялық өзгерістер басталған әйелдің шашы мен терісінде де өзгерістер болады. Мұндай өзгерістерді жақсы өзгерістерге жатқызамыз. Себебін осы мақаламызда ашып көрсетеміз.

Баланың жауапкершілігі: Ойна да, жина

Балалы үйде ойыншықтардың болатыны —  анық жайт. Ойыншықтардың үйдегі бөлмелерде немесе ойын алаңында шашылып жатуы бала саны мен олардың жасына және ойыншықтардың санына байланысты. Балаларға ойыншықпен қалай ойнау керектігін үйретудің қажеті жоқ. Өздері үйреніп алады. Үлкендер оларға ойнауды үйретуді өздеріне міндет деп санамаса болады. Есесіне, балаларға ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинауды үйретуге болады. Ойыншықтарды жинау …

Бесік жыры: Әй-әй бөпем, әй бөпем

Әй-әй бөпем, әй бөпем. Ән айтайын, бал бөпем. Ән тыңдағын келсе егер, Және айтайын, жан көкем… Бөпем менің ай ма екен? Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден Озып келер тай ме екен?! Тас бұлақтар тауда екен,

Балалардың компьютерді шамадан тыс пайдалануларын шектеу

Әр нәрсенің шегі мен орны бар дегендей, балалардың компьютер пайдалануларының да шегі бар екенін бұған дейінгі мақалаларда айттық. Шек пен тыйымның не екенін түсінбейтін кішкентай балаларды компьютер алдынан қалай алыстатуға болады? Көп ата-ананы алаңдататын сауалдардың бірі — осы. Осы тақырыптағы бұған дейінгі мақалалар:

Судан қорқатын сәбилерді шомылдыру

Кішкентай сәбилердің арасында суға түсуден қорқатындары бар. Олар денелері суға тигеннен бастап немесе ванна бөлмесіне кіргеннен бастап айқайға басады. Бірі көздеріне сабынды судың кіріп, ашытуынан қорықса, енді бірі суық немесе ыстық судан қорқады. Ондай сәбилермен қалай тіл табысуға болады? Балаңызды жуындырмасаңыз, гигиеналық талаптар сақталмайды. Ал жуындырсаңыз, балаңыз шыңғырып жылайды. Бұндай кезде баланы үлкен ыдыстағы суға …

Компьютердің балаларға зияны

Жалғасы. Басы — Балалар мен компьютер Компьютердің алдында көп уақыт отырудың денсаулыққа зиян келтіретіндігін барлығымыз жақсы білеміз. егер мониторы ескі үлгідегі дөңес экранды компьютер болса, одан бөлінетін зиянды сәулелер көп болады, тиісінше компьютердің денсаулыққа кері әсері арта түседі. Мысал ретінде нақты жағдайларды келтірейік.

Сүт пен D дәрумені болашақ балаларды ересектерге тән шашыраңқы склероздан қорғайды

Өткен жылдың  ақпан айында Американдық Неврология Академиясының (The American Academy of Neurology) ғалымдары: Жүктілік кезінде сүт пен D дәруменін пайдалану болашақ нәрестелерде кездесетін үлкендерге тән шашыраңқы склероздың даму қаупінің алдын алады — деген тұжырым жасаған болатын. Мамандар 35 мыңнан астам анадан жүктілік кезіндегі тамақтанулары туралы, сүтті және D дәруменін қолданулары туралы ақпарат алды.

Балалар мен компьютер

Кішкентай балаларға компьютер зиян ба? деген сауал жас баласы бар көпшілік ата-ананы алаңдататыны анық. Енді осы сауал төңірегінде біраз ойланып көрелік. «Қазіргінің балалары компьютер мен ұялы телефонды біліп туады» деген түсінік қалыптасты. Онысы рас та. Әркім өзінің заманына қарай бейімделеді. Ал бейімділік дегеніміз туыла салысымен басталатын табиғи құбылыс. Бала не үшін компьютерге құмартады?

Яндекс.Метрика