Author archives

Гипертермия деген не және оны қалай емдейді?

Гипертермия деген не? Гипертермия — денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де болады, бірақ ауруға жатпайды. Гипертермия дене қызуы 37°С-ден жоғары болғанда байқалады, 42,2°С-ге жеткенде адам ес-түссіз күйге енеді. Егер оны уақытылы емдемесе (қызуын түсірмесе), миына зақым келеді.

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Қалай ертерек жүкті болуға болады? деген сұрақ көптеген жас келіншектерді, атап айтсақ, тұрмыс құрғанына 5-6 ай болып, бірақ көтермей жүрген жас келіншектер мен бедеулікке ұшыраған келіншектерді қаттырақ алаңдатады. Енді біз сол сұраққа жауап боларлықтай жеті амалды назарларыңызға ұсынамыз. Олар төмендегідей:

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. Қауіпті індеттерден сақтану, жұққан жағдайда емделу болашақ сәбидің сау болып туылуына себеп болады. Сондай қауіпті індеттердің арасында токсоплазмоз да бар.

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз (сұрақтар)

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар Токсоплазмоз — адамдар мен жануарларда кездесетін жұқпалы індет, теріде қызыл дақ болып шығады. Аурудың Toxoplasma gondii деп аталатын қоздырғыштары негізінен шикі ет өнімдерінде, мысықтарда көп кездеседі. Жуылмаған жеміс-жидектер арқылы да таралуы мүмкін. Жүктілік кезінде токсоплазмоз ауруын жұқтыру ықтималдылығы қандай?

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Азық-түліктен келетін індеттер (инфекциялар) адамның улануына әкеп соғады. Жүктілік кезінде пайдаланылатын азық-түліктің құнарлы болуымен қатар сапалы екендігіне де көңіл бөліңіздер. Олай болмаған жағдайда листериозды инфекция жұғуы ықтимал. Жүкті әйелдер неге бұзылған асқа өте сезімтал келеді?

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар саны жиырмаға жеткен. Бар мәселе франциялық Poly Implant Prothese компаниясының әйелдердің емшектерін үлкейтуге арналған протезін жасауға пайдаланған материалдың әйел өміріне төндірген қатерінде болып тұр. Аталған компанияның протез дайындау барысында клиникалық тексеруден өтпеген өндірістік заттарды пайдаланғандығы жайлы хабар тарады.

Балалардың арманы

Балалардың үлкен арманы Авторы: Сәкен Жолдас Бұл ролик 2010 жылы «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Көзіңді аш» атты әлеуметтік роликтер сайысына қатысып, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын жеңіп алды.

Даун синдромы

Даун синдромы генетикалық ауытқулар салдарынан пайда болатын геномдық ауру. Әдетте 21-ші хромосомада қалыпты жағдайдағы екі хромосома емес, үш хромосома болады. Ол патологиялық жағдайды Трисомия деп атайды. 21-ші хромосомада трисомия болғандықтан, Даун синдромының Трисомия 21 деген де атауы бар. Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық …

Іші шыққан әйел қалай ұйықтау керек?

Жүктіліктің бесінші айынан бастап аяғы ауыр әйелдің іші шығады. Жүктіліктің соңына қарай қарны (іші) үлкейіп кетеді. Алғашқыда қалыптасып кеткен ұйқыдағы күйіңізде ұйықтай алмайсыз. Себебі шыққан ішіңізбен «санасуға» тура келеді. Бір-екі түндік жайлы ұйқыңызды қисаңыз, жаңа қалыпқа (күйге) үйреніп аласыз.

Босанғаннан кейін етеккірдің келуі және кешігуі

Босанып, сәбилі болып, оны емізетін уақытта етеккірдің келуі кей әйелдер үшін қалыпты жағдай болып табылады. «Емшекте баласы бар әйелдің етеккірі келмейді» дейтін түсінік барлық әйел үшін бірдей емес. Рас, кезінде жүктіліктен сақтанатын гормоналды препаратттар мен босану барысында пайдаланылатын дәрі-дәрмектер жоқ еді. Барлық тұрғыдан алғанда әйелдер табиғи жолмен босанды. Сол уақыттарда емшекте баласы бар әйелдерде етеккірдің …

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Эндометриоз деген не? Эндометриоз (эндо – ішкі; метра – жатыр) — жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде (фаллопий түтігі), жатыр мойнында

Яндекс.Метрика