Author archives

Қыз тәрбиесі: қыз — болашақ ана

Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін білеміз. Себебі, бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана – барлық өмірдің бастауы.

Рахит ауруы (мешел ауруы)

Рахит ауруы (мешел ауруы)

Рахит  немесе мешел ауруы — балаларда екі жасқа дейін көп кездесетін сүйек ауруы. Балаларда Д дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультра күлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын ауру. Көбінесе күзде, қыста туылған балалар ауырады. Рахит ауруы кезінде минералды зат алмасу процесі мен сүйектің түзілуі бұзылады. Бала жасөспірім шағында ауырса оның салдары бойының өсуіне де әсер етеді.

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» …

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

«Бала — балым, баламның баласы — жаным» деп есептейтін еді біздің бабаларымыз. Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз бұрындары кішкентай қара домалақтарын бір елі қастарынан тастамай тәрбиелейтін. Жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен. Даланың дана қарттарының қолында бала қай кезде де рухани дүниесі бай, ұлттық намысты жоғары қойып, көпшіл болып өседі. Көргені мен өмірден түйгені көп көнекөз қарияларымыз …

Балаңыз мектепке дайын ба?

Баланы мектепке жан-жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды іс Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын …

Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы қандай болуы керек

Бұрын жаз мезгілі бола қалса, балалар таңертеңнен кешке дейін далада ойнап жүруші еді. Ауылда болсын, қалада болсын, балалар үйге тығылып қалмайтын. Қазір ауылды жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар. Ол — компьютер. Оған қоса ойын ойнауға қосымша керек-жарақтарын да сатып алып беріп …

Бесіктің жабдықтары

Бесік, Бесіктің суреті, Бесіктің фотосы, Бесик фото, Бесіктің бейнесі

Бесік міндетті түрде ағаштан жасалуы керек. Қандай ағаш екендігі бесік жасайтын шеберге және материалдық табылуына байланысты. Негізінен, бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпабау т.б. Бесік жабдықтарына келсек:

Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бір-бірімен ұштасып жатады. Осынау үш зат қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп, күлін жерге көміп тастаған. Неге? Өйткені кез-келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады. Бесік — киелі мүлік. Қазіргі күнде қолданылмай бара жатқаны …

Балалар арасындағы пневмания

Балалар арасындағы пневмания

Пневмания немесе өкпенің қабынуы— түрлі вирустардың, бактериялардың, паразиттердің, микроорганизмдердің әсерлерінен пайда болған өкпе инфекцияларына қатысты ортақ термин. Көбіне пневмания вирустардың (мысалы: аденовирустар, тұмау вирустарының, т.б.) әсерінен болады. Кейбір жағдайда пневманиямен ауыратын ауру адам түшкіру кезінде қасында отырған сау адамның өкпесіне бактериялар мен микроорганизмдер жұқтыру арқылы өкпенің инфекциялық қабынуын таратады. Пневманияның белгілері: Аурудың белгілері балалардың жас ерекшелігіне қарай және …

Балалардағы анемия (қаназдық)

Гемоглобиннің қалыпты мөлшері

«Анемия» сөзі қазақша «қаназдық» дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына …

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. Көп жағдайда күз бен қыс мезгілдерінде балаларда аденовирустардың салдарынан пайда болып, жаурап қалғанда күшіне енетін ауру. Сонымен қатар, бала организміне қасында жүрген адамдардан да жұғуы мүмкін. Ангина ауруының белгілері. Жалпы ангинамен ауыра бастағанда бала әлсіреп, басы ауырады,

Жүкті әйелдерге керекті кеңестер

Қыз баласы ақ отауға келін болып түскеннен бастап – келіншек атанады. Жас келіншектің бақытты да керемет шағы – жүктілік кезеңі.Ең алғаш бойыңа бала бітіп, тіршіліктің бар екенін сезініп, көтеріп жүру — бақыт. Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында, токсикоз басталады. Ол кейде 2-3 айға, тіпті туғанға дейін созылады.

ХХI ғасырдағы бала тәрбиесі қандай болуы керек?

Қазіргі заманның балаларын өткен ХХ ғасырдың балаларымен салыстырсақ, айырмашылықтары мен ерекшеліктері Жер мен көктей десек те болады. ХХ ғасырдағы балалар ата-анаға қарсы тұру былай тұрсын, әкесінен қорқатын. Ал, бүгінгі таңда балалар ата-аналарымен жарыса сөйлей кетеді.

Яндекс.Метрика