Author archives

А дәрумені және оның жүкті әйелдерге зияны

А дәрумені — біздің ағзамыз үшін ең қажетті дәрумендердің бірі. Бұл дәрумен жануарлардың бауырында көп болады. А дәрумені алғаш рет сәбізден алынған. Сол себепті ағылшынның «carrot (сәбіз)» сөзінен А дәрумендерінің тобы – каротиноидтар деген атау алды. Каротиноидтар өсімдіктерде, кейбір саңырауқұлақтардың құрамында болады, ағзаға түскенде олар А дәруменіне айналады. Каротиноидтардың бес жүзге жуық түрі белгілі.

Жүктілікті анықтау тесті

Қазіргі таңда кез – келген әйел өзінің жүктілігін қарапайым тест арқылы анықтай алады. Тестте екі жолақ (сызықша) арқылы жүктіліктің бар екенін анықтауға болады. Медицина тарихында алғашқы тест 1971 жылы шыққан. Алайда бұл тесттің жауабы тек екі сағаттан соң белгілі болатын. Осылай жылдар бойы тесттердің дәлдігі, сенімділігі мен жылдамдық көрсеткіштері жақсара түсті. 1988 жылы алғаш рет …

Майтабандық деген не және одан қалай арыламыз?

Майтабандық, майтабан, Майтабандылық

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық …

Соңғы гестоз деген не?

Соңғы гестоз – көбінде жүктіліктің үшінші триместрінің басында пайда болатын, жиі кездесетін аса қауіпті ауру. Бұл аурудың «соңғы токсикоз» деген балама атауы да бар. Негізінен, гестоз ағзада өзгерістер болып жатқанда пайда болады, болашақ ана мен бала үшін өте қауіпті. Гестоздың белгілер: Гестоз жүктіліктің 16–20 апталарында пайда болып,  үшінші триместрде (28 аптада) байқала бастайды.

Хорион бүрлерінің биопсиясы

Хорион бүрлерінің биопсиясы (орыс.: Биопсия ворсин хориона) – бұл жүктіліктің алғашқы триместрінде жасалатын, баланың дамуында ауытқулардың болу мүмкіндіктерін анықтайтын сараптаманың бір түрі. Хорион бүрлері шарананың негізін салушы ретінде ұрықты (эмбрион) жатыр қабырғасында ұстап тұрады. Бұл бүрлердің генетикалық құрылымы сәби ағзасының жасушаларымен бірдей болып келеді. Уақыт өтісімен бұлардан шарана пайда болады.

6 айлық сәбидің ұйқысы мен ұйқысыздығы

Ұйқысыз сәбидің суреті, жылап жатқан сәби фотосы, жылауық баланың суреті

Сәбидің алғашқы алты айдағы ұйқысы, ұйқысыздық мәселесі Терең әрі тәтті ұйқы – сәбидің эмоциялық және физикалық дамуына әсер ететін бірден бір фактор. Терең ұйқы емізулі сәбиге дені сау болып өсуге, ал ата-анасына жақсы тынығып алуға мүмкіндік береді. Ұйқы кезінде сәби ағзасында өсу гормоны бөлінеді. Оның үстіне ұйқы арқылы сәби күні бойы алған жаңа әсерлерді жақсы ұғынып, …

Бірреттік жаялықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Бірреттік жаялықтар, Бірреттік жаялықтар зиян ба?, Памперстің пайдасы мен зияны

Бір рет қана пайдалануға арналған ыңғайлы жаялықтарды көпшілік памперс деп атайды. Негізінде, Памперс дегеніміз көптеп көздесетін біррреттік жаялықтардың бірінің ғана атауы, танымал бренд. Сондықтан барлық бірреттік жаялықтарды памперс деп атау дұрыс емес. Қазіргі заманғы бірреттік жаялықтар өте ыңғайлы және аналардың қызметін айтарлықтай жеңілдетеді.

Ана сүтінің құрамы мен қасиеттері

Баланы емшектен шығару

Ана сүті – жаңа туған сәби үшін ең таңдаулы әрі жалғыз ғана тағам. Оның мәні неде? Әр ана өз баласының ең ақылды, әдемі және дені сау болғанын қалайды. Ал балаға қажетті иммунды жүйе мен интеллекттің бұлағы сол ана сүтінің әр тамшысынан табылады. Аналық сүттің сипаттамалары ерекше және пайдасы теңдессіз өнім. Ана сүтінің қасиеттері мен бала …

Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады.

Гиперактивті балалар туралы

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді. Кез-келген баланың өмірінде ашуланатын уақыттары болады. Мәселен, ұйықтайтын уақытта төсекте байбалам салады, дүкенде еркелеп, айтқанды тыңдамайды. Бұл баланың зеріккендігін білдіруі мүмкін, бірақ тек гипербелсенділіктің белгісі емес.

Жатыр миомасы

Жатыр миомасының түрлері

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты. Бұл құбылыстың себептері әлі толық …

Жүктіліктің үшінші триместрі

Жүктіліктің 3-інші триместрі — жүктіліктің ең соңғы кезеңі (триместрі). Екінші триместр мен үшінші триместр аралығындағы шекті әр маман әр түрлі орнатады. Үшінші триместрдің басталуын біреулері 24 аптадан бастаса, енді біреулері 26 аптадан, тіпті 28 аптадан бастап санайтындар да бар. Алайда үшінші триместр етіп соңғы 14 аптаны (соңғы үш ай) алған дұрыс болар.

Жүктіліктің екінші триместрі

Бұл кезең жүктіліктің 4-6 айлары аралығын қамтиды. Екінші триместрдің соңында сіздің сәбиіңіздің бойы 30 см дейін өсіп, салмағы шамамен 700 граммды құрайды, сәбидің жынысын нақты анықтауға болады. Бұл триместрді ананысың жатырында жатып, қылық шығаратындардың өздеріне назар аудартатын уақыты деуге болады. Өйткені осы триместрде жатырдағы болашақ сәби қимылдайды, аяқтарымен тебеді. Алғашқы триместрге қарағанда, бұл триместрде болашақ …

Яндекс.Метрика