Басты бет / Энциклопедия (бет 2)

Энциклопедия

Энциклопедиялық мақалалар мен сөздіктер

Әйелдің репродуктивті жүйесі

Әйелдің репродуктивті жүйесі немесе әйелдің жыныс мүшелері дегеніміз көбейіп, ұрпақ жалғастыруға жауапты мүшелердің жиынтығы. Әйелдердің репродуктивті жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады. Бұл жүйе әйелдерді еркектерден ерекшелеп тұрады, яғни әйел жыныстылардың анатомиясына ғана тән ерекшелік болып табылады.

Толығырақ »

Жатыр миомасы

Жатыр миомасының түрлері

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты. …

Толығырақ »

Фетальді алкогольді синдром

Фетальді алкогольді синдром, fetal alcohol syndrome, Фетальный алкогольный синдром фото

Фетальді алкогольді синдром немесе ұрықтың алькогольді синдромы (басқа атаулары: эмбриональді алкоголь синдромы, фетальды алкогольді салдарлар) — әйелдің жүктілік кезінде және оған дейінгі уақытта алкогольді (құрамында спирті бар) ішімдіктерді тұтыну салдарынан нәресте бойында пайда болатын психикалық және физикалық ақаулардың жиынтық атауы. Мұндай ақаулар алкогольді ішімдіктерден болатын зардаптардың ең қауіптілеріне жатады.

Толығырақ »

Гипертермия

Гипертермия деген не? Гипертермия — денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де болады, бірақ ауруға жатпайды. Гипертермия дене қызуы 37°С-ден жоғары болғанда байқалады, 42,2°С-ге жеткенде адам ес-түссіз күйге енеді. Егер оны уақытылы емдемесе (қызуын түсірмесе), миына зақым келеді.

Толығырақ »

Даун синдромы

Даун синдромы

Даун синдромы генетикалық ауытқулар салдарынан пайда болатын геномдық ауру. Әдетте 21-ші хромосомада қалыпты жағдайдағы екі хромосома емес, үш хромосома болады. Ол патологиялық жағдайды Трисомия деп атайды. 21-ші хромосомада трисомия болғандықтан, Даун синдромының Трисомия 21 деген де атауы бар. Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы …

Толығырақ »

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен инвазивті емес түрде тексеру. Диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — УДЗ. Зерттеудің бұл әдісі арқылы жатырдағы ұрықтың жынысын, жағдайын (өлі немесе тірі екендігін) анықтауға болады. «УДЗ жатырдағы сәбиге зиян» деп, тексерілуден бас тартуға болмайды. Олай етсеңіз, сәбидің бойындағы аздаған ақаулардың соңы …

Толығырақ »

Цитогенетикалық әдіс

Цитогенетикалық әдіс (цитогенетикалық зерттеу әдісі) — адамның хромосомалық жиынындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды анықтауға арналған сарапатама, зерттеу. Бұл әдіс хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Зерттеу нәтижесінде хромосомалардың саны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік туады.

Толығырақ »

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесарево сечение, Кесар тілігі

Кесар тілігі деген не? Әйел табиғи жолмен, өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса (мысалы, босану кезінде оттегі тапшылығы), кесаре тілігі жасалады. Ол дегеніміз жүкті әйелдің ішін жарып, нәрестені сол кесілген (тілінген) жер арқылы шығарып алатын хирургиялық операция.   Операция алдын ала жоспарланған …

Толығырақ »

1 жасқа дейінгі баланың салмағы (массасы) мен бойы

Қалыпты жағдайда дүниеге келген сәбилердің салмақтары мен бойлары жыныстарына қарай әр түрлі болады. Мысалы, ер балалардың орташа салмақтары 3200–3500 грамм, орташа бойлары 49–52 см болады. Ал қыздарда басқаша: орташа салмақтары 3000–3300 грамм, орташа бойлары 48–50 см.

Толығырақ »

Алтын алқа

Алтын алқа туралы, Алтын алқаның суреті

Алтын алқа — жеті немесе одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін көпбалалы аналарға тағайындалатын алқа түріндегі марапат, ҚР ордені мәртебесіне ие. Бұл награданы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Жарлық шығару арқылы тағайындайды. Қазақстан Республикасының «Алтын алқа» марапаты 1993 жылы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді. Алғашында он және одан көп баласы …

Толығырақ »

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Үшінші бөлім)

Қазақ халқының бала, ұрпақ, перзент, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдері (Үшінші бөлім) *** Өз қолыңда болмаса, атаң да жат. *** Қыз шыққан жерден ұл да шығады. ***

Толығырақ »

Цистит ауруы

Цистит — әйелдерде жиі кездесетін ауру, қуық жолдарының қабынуы және жатырдың шырышты қабығының қабынуы арқылы анықталады. Циститті 80 пайыз жағдайларда E.coil (ішек таяқшасы) бактериясы қоздырады. Алайда, қуық жолдарының қабынуына қосымша факторлар да әсер етеді. Кейде жыныстық қатынаспен де байланысты болып жатады.

Толығырақ »
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика