Йогурт жəне дəмді киви мен банан қосылған жеңіл торт

Қоспалары:

Корж үшін:
құмды печенье –  200 г
сары май –  75 г

Крем үшін:
желатин – 2 ас.қ
су – 1/2 стакан
қою йогурт –  550 мл
киви –  4 шт.
шекер – 100 г
лимон шырыны – 1 ас.қ

Безендіруге:
киви – 2 шт.
лимон –  1 шт.
миндаль жапырақтары –  3-4 ас.қ
акациевый балы – 2 шай.қ

Дайындалуы:

Печеньені сындырыңыз. Пакетке салып, оқтаумен ұрып үгітіңіз. Майдалану керек. Сосын оған сары майды ерітіп араластырыңыз. Ыдыстың түбіне выпечкаға арналған қағаз төсеп, соған салыңыз.
Тоңазытқышқа 30 минутқа салыңыз. Салқын суға желатинді 0.5 стаканга ерітіңіз, сосын 30 минутқа қойыңыз. Кивиді (4 штук) майда кубиктеп тураңыз. Ыдысқа салыңыз, 5 ас қасық шекер, лимон шырынын қосыңыз.
Плитаны қосып, 1 минуттай орташа отта дайындаңыз. Кивиден жасалған кампотты шамалы суытыңыз, желатин қосып, араластырыңыз. 30 минут суытыңыз. Масса шамалы суыған кезде йогурт қосып, 100гр шекермен араластырып, жемістерді қосыңыз.
Кремді нанға құйыңыз, сосын тегістеңіз. Пленкамен жауып, минимум 3 сағат суытыңыз. Миндаль пластинкаларын құрғақ табаға қызартып қуырыңыз, сосын суытып алыңыз. Кивиді тазалап, тілім кылып тураңыз, үстіне бал құйыңыз. Тортты қалыптан шығарып, шет шетін миндальмен безендіріңіз. Тортты киви тілімдерімен, лимонмен, жəне фисташкилермен сəндеуге болады.

Ас болсын!

Яндекс.Метрика