Басты бет / Салт-дәстүр

Салт-дәстүр

Салт-дәстүр

Тұсау кесу (Баланың тұсауын кесу)

Баланың тұсауын кесу, Тұсау кесу

Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі.

Толығырақ »

Ашамайға мінгізу

Ашамайға мінгізу — қазақы тәрбиелік мәні бар салт, ұл балаға жасалады. Ашамайға мінгізу ер бала есін біліп, жан-жағын танып, ат үстінде өзін-өзі ұстай алатын жағдайға жеткенде жасалады. Әдетте, 5-6 жасқа толған балаларға жасалады. Иә, ертедегі көшпелі қазақтардың балалары 2-3 жасынан бастап атқа мінген, өз еркімен болмаса да үлкендердің алдында немесе артында отырған. …

Толығырақ »

Сәбиге ат қою

Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Толығырақ »

Бала асырап алу

Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар. Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала асырап алып

Толығырақ »

Бесік той (Бесікке салу)

Бесік той фото, Бесікке салу фотосы

Бесік той — дәстүр, отбасындағы тұңғыш нәресте дүние келгеннен кейін, қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. Бесік тойда жас нәресте нағашылар жұртының әйелдері әкелген бесікке бөленеді. Бесік тойға еркектер қатыспайды. Бесік той тек алғашқы перзенттің бесікке бөлену құрметіне жасалады. Ал бесікті алып калетін жақта «Бесік алып бару» дәстүрі бар: бесік тойға апаратын …

Толығырақ »

Құрсақ шашу (Құрсақ той)

Құрсақ шашу немесе Құрсақ той — аяғы ауыр әйелге қатысты қазақы дәстүр. Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. Жас келіннің аяғы ауырлағаны белгілі болғанда оның абысын-ажындары мен енелері (ағайын-туыстар арасындағы үлкен әжелер) жиналып «Құрсақ шашу»

Толығырақ »

Бауырына салу дәстүрі

Бауырына салу — қарт ата-әжесінің тәрбиесінде болуы үшін, оларға ермек болып, көз қуанышы болуы үшін ең тұңғыш немерелерін қарауларына беру дәстүрі. Бұл дәстүр еншісін алып шыққан ұлының тұңғыш баласын ата-анасынына беруімен сипатталады. Қазіргі қазақ қоғамында мұндай

Толығырақ »

Шілдехана (Шілдехана тойы)

Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі, баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Бұл салтты еліміздің кей жерлерінде «шілделік» деп те атайды. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да баруға болады. Қонақтар

Толығырақ »

Кіндік шеше. Кіндікті еркектер кескен бе?

Кіндік шеше, Кіндік кесу, Kindik sheshe, Kindi kesu

Кіндік шеше — сәби шырылдап дүние есігін ашқанда оның кіндігін кесетін әйел адам. Қазақ халқы ертеде кіндік кесуге қатты мән берген. Кез-келген әйелге кіндік кестірмеген. Халық «Бала кіндігін кескен әйелге ұқсап өседі» деген түсінік болған. Сол себептен де кіндікті кесетін әйел сыйлы, құрметті, ақылды және бала тәрбиелеп өсірген тәжірибелі әйел …

Толығырақ »
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика