Атопиялық дерматиті бар балалар үшін қандай киім алған дұрыс? ⠀

Атопиялық дерматиті бар балалар үшін қандай киім алған дұрыс?

Атопиялық дерматит баланы қинайды, ал ата- анасын жан тыныштығынан айырады. Көріністері: терінің қышуы- ұйқысының бұзылуы, бала мазасыз, жылауық болады. Балалар денесін тырнап тастайды, әсіресе түнде, бөлме ыстық болса.

Киім таңдаған кезде не нәрсеге мән береміз:
✔️Әрине мата табиғи және жұмсақ болғаны дұрыс, ол баланың аса сезімтал терісін тітіркендірмегені дұрыс.
✔️тігіс сыртында болғаны дұрыс
✔️ұзын жеңді киім алған дұрыс, әсіресе түнде қасып тастамас үшін.
✔️ матаға ешқандай бояғыштар қосылмауы керек және аллерген болатын заттардың болмағаны дұрыс.

* Мата жағына келетін болсақ:
✓баланың терісін қышытатын, тітіркендіретін, терлететін және терінің қабынуын күшейтетін мата қолданбаған абзал, ондай матаға жүн (шерсть) , акрил жатады, сонымен қатар ол маталар саңырауқұлақтар мен бактерияның өсуіне әкеледі.
✓ синтетикалық мата (полиэстер, полиамид, лайкра, микрофибра) және флистен аулақ болыңыз, олар су тартпайды, терінің өте қатты құрғап кетуіне және қабыршақтануына әкеледі.
✓ Мақта теріні тітіркендірмейді, алайда терлеп киім су болса , теріде қабыну процесі басталуы мүмкін.
✓Ең қолайлы, баланың терісін тітіркендірмейтін матаның түрі ол — табиғи жібек . Иә табиғи жібек өте сезімтал тері үшін өте қолайлы.

КҮНДЕЛІКТІ КҮТІМ НЕДЕН ТҰРАДЫ
~ Ұзақ жуындырмаңыз (5-10 мин жетеді) салқындау суға (күнде немесе 1-2 күн сайын) . Ыссы су немесе температураның ауысуы бала терісін қышытады.
~ Ваннаға арнайы май, эмульсия қосуға болады, олар теріні тазартып, жұмсартып және суды қатты онша қатты етпейді.
~ терісін орамалмен суртпеңіз, жәймен ғана тигізіп қатты құрғатпаңыз.
~ Алғашқы 3 минутта эмоллиент жағып тастаңыз, ол теріны жұмсартады, ылғалдандырады, су- липид бүтіндігін және эпидермистің мүйізді қабатын қалыптастырады, терінің тосқауылдық қасиетін жақсартады.
~ Егер гормональды мазь жағатын болсаңыз, алдымен жұмсартып сосын гормон.
~ АД бейім балаларды жалпы аллергияға бейім балалардың терісін, кішкентай кезінен жұмсартатын крем қолдана бастасаңыз, АД пайда болу қаупін төмендетесіз.

Дереккөз: Доктор Бекмұратқызы

 

Пікір жазу

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика