Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (тонзиллит), Ангина (тонзиллит) ауруыАнгина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. Көп жағдайда күз бен қыс мезгілдерінде балаларда аденовирустардың салдарынан пайда болып, жаурап қалғанда күшіне енетін ауру. Сонымен қатар, бала организміне қасында жүрген адамдардан да жұғуы мүмкін.

Ангина ауруының белгілері. Жалпы ангинамен ауыра бастағанда бала әлсіреп, басы ауырады, тамағы ауырып, денесі қақсап, дене қызуы көтеріледі. Баланың мазасы кетіп, тамағы ісініп, қызарып, жұтынғанда ауыртып, кей жағдайларда, асқынып кетіп, ірің болуы да ғажап емес.

Дене қызуы көтерілгенде не істеу керек? Әдетте, бала ангинасы пайда болған жағдайда дене қызуы кешкісін көтеріле бастайды. Тек сол кезде сасқалақтамай, ана мен бала қобдишасын (дәріханалық қобдиша) алу керек. Бірінішіден, баланың дене қызуын өлшеңіз, егер 38 градустан төмен болса, бала организімі күресу керек. Оған көмек ретінде баланы жеңіл ішкиімдермен ғана қалдырып шешіндіріңіз, үй температурасында тұрған суға  сүлгіні сулап алып, баланың денесін сүртіңіз. Бірақ уксуспен сүртуге болмайды. Ал, 38 градустан жоғары көрсеткен жағдайда дәрілік препараттармен: парацетамолл таблетка түрінде немесе қазіргі таңда дене қызуын түсіретін түрлі шәрбаттар (сироп) беріңіз. Сироптар әрі жақсы әсер берсе, дәмі де тәттірек болғандықтан балаларға беру қиын болмайды.

Түнге қарай дене қызуы тез-тез көтеріле беретіндіктен арнайы свечалар салсаңыз ұзаққа көмектеседі. Тек аспирин және анальгин беруге болмайды. Дәрі бергенде сағатқа қарауды ұмытпаңыз, себебі, аралары 6 сағаттан кем болмауы керек.

Ангина, тонзиллит
фото: fotosearch.com

Кім қай жерде емдейді? Есте сақтаңыз, ангина дәрігердің көмегінсіз өз бетіңізше емдей салатын ауру емес. Бұл балалар түгілі ересектерге де қатысты. Кейде бала жағдайы жақсы бола тұра кардит (жүрекке әсер), нефрит (жүрекке әсер), ревматизм (дене буындары жүйелерінің зақымдалуы) қабынуларына да әкелуі мүмкін. Сондықтан, емделу процесінің аяғына дейін, яғни ангина кеткенге дейін ем қабылдау керек.

Ангина аурының белгілерін байқаған жағдайда участкелік дәрігеріңізді үйге шақырыңыз. Дәрігер келіп, тексеріп болғаннан кейін, мұрыннан, ауыз қуысынан мазок тапсыруға және жалпы сараптама тапсыруға жолдама жазуға міндетті.

Аурудың алғашқы күндері бала төсектен тұрмасын. Қажет болған жағдайда дәрігер емханаға жатуға нұсқау береді.

Дәрігер келгенге дейін не істеу керек? Ангина жұқпалы аурулар қатарында болғандықтан, жанұяңызда бір кісі ауыра қалған жағдайда бөлек бөлмеде болғаны дұрыс. Ауырған баланың бөлмесінің ауасын жиі-жиі тазартып, күнделікті дезинфекциялық заттармен тазалап жуу керек. Сонымен қатар, қайнатылған су, шай, қайнама (компот), берсе, екі жастан жоғары балаларға қарақат, бүлдірген, түймедақ т.б. шөптерден қайнатылған сусынды, жеміс-жидек шырындарын немесе сүтке сары май салып беріңіз. Еттен қайнатылған сорпа да жақсы көмектеседі. Ең бастысы, қатты ыстық емес, қатты суық емес, жылы күйінде беру керек. Ал, егер балаңыздың тәбеті болмай жегісі келмеген тамақты жеуге қинамаңыз. Керісінше,тамақ жеуге тәбеті болса, жартылай сұйық, тойымды, витаминдері көп тағамдар беріңіз (мысалы: пюре, қайнатып пісірілген сорпа, рагу т.б.). Құрғақ, қатты, мұздай астарды бермеңіз.

Ангинамен күрес. Кей жағдайларда ангинамен қатар, мұрын да толып, дем ала алмай жатады. Осындай жағдайда баланың мұрнын тазалап, арнайы дәрілік препараттарды мұрынға тамызу керек. Үш жастан жоғары балаларға 1 стакан суға 1 үлкен қасықпен тұз алып араластырып, 1-2 сағат сайын тамағын шайқаса пайдасы зор. Ал, одан кіші балалар жоғарыда аталған шөптердің қайнамасын беру керек. Сол сияқты түнге тамағына компресс байласа да көмек болады.

Педиатрияның дамыған заманында жақсы әсер беретін антибиотиктер бар. Антибиотиктерді тек дәрігер жазған рецепт бойынша қабылдап, оның тікелей бақылауында болу керек. Ангинаны емдеу үшін сульфаниламидтық препараттарды ішу, антибиотиктердің аэрозоль түрін, асқынған жағдайда күшті анбиотик қабылдау немесе уколмен емделу қажет болады. Кейбір емделушілер антибиотик кері әсерін тигізуі мүмкін деп, оларды қабылдамаған жағдайларда, тамағы ісініп, іріңдеп асқындырып алып, хирургиялық көмекке жүгінуге тура келеді. Әдетте, ангина 7-10 күнде жазыла қоятын ауру емес. Сол себепті емделу процесі біте сала балаларды бала-бақшаға, мектепке бірден жібермей, 2-3 күн үйде ұстаған абзал. Бір апта өткен соң дәрігер қайта толық тексеруден өтуді сұрауы керек.

Қалай ауырмауға болады? «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал тура айтылғандай, балаларда тұмау басталып келе жатқаннан бастап, дер кезінде дәрігерге көрсетіп алдын алыңыз. Сонымен қатар, бала асына да көңіл бөліңіз: жеңіл-желпі дайын астар (чипсы, киреешки, тек қана иогурт т.б) жемегені дұрыс. Бала, қай мезгілде болсын, жүгіріп ойнағанды жақсы көреді емес пе? Сол кезде терлеп тұрып суық су немесе газдалған неше түрлі сусындарды ішкеннің өзінен де тонзиллиттің пайда болу қаупі бар. Балаңыздың дені сау, әрі мықты болып өсуі үшін бала тамағы мен денсаулығына нем құрайлы қарамаңыз.

Ұқсас мақалалар

Балалардағы анемия (қаназдық)

Гипертермия

Аутизм – психикалық ауытқу

Балам жиі ауырады. Неге?

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Балалар арасындағы тершеңдік

Науқас баланың күтімі

Comments 40

  • Балам уш айлык ыстыгы кайта кайта котерилип жатыр арасында локсиды антиб.к берип свечада салып жатырмын бирак кусып тастайды иши кок болып отип жатыр коп желденеди не истесем болады. Даригерлерге конилим толмайды.

  • Менің балам октябрдің 5 не 5айлық болады.кешеден ба стап тамағы қырылдап тұр,тамақтан ұстады.не істеуге болады,айтып жіберіңізші

  • Балам 5айлык ангина не истесем болады педиатр жазган дарилерди кусып тастады ишпейди

  • Салеметсизба! Менин балам 7айлык. Тамагы исип мурнынан су агып коймастан жотелип тур. Ангенасы исип кеткен. Какырык бар, кози кызарып кетип, мазасы болмайды. Проспан Амбро деген сироптарды берип жатырм. Мурнына кызыл май тамыздым. Истемегеним жок. Нестеуге болады? Айтып жибересздерма???? Рахмет

  • Жедел жардем шакыргам сонда ангенасы исип тур деген. Бесикте 1-2сагат уйыктайды кырылдап. Бирак турганнан кеин мазасы кетип, жотелип жылайды. Отиниш нестеуге болады???

Яндекс.Метрика