Балалардағы анемия (қаназдық)

«Анемия» сөзі қазақша «қаназдық» дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына да әсер етеді екен. Ол көп жағдайда білінбей жүреді, сондықтан дер кезінде ем қабылдаған дұрыс.

Гемоглобин туралы. Гемоглобин — қанды бояп тұратын қызыл дақ. Гемоглобин екі бөліктен тұрады: гемо молекуласы және глобин 4 түрлі ақуыз молекуласынан тұрады. Гемоглобин синтезі үшін темір (темір ионы) керек, темірге нәр беретін заттар — түрлі тағамдар.

Фолий қышқылы (Фолиевая кислота). Бала организімінде темір жеткілікті бола тұра, қаназдық бола береді. Гемоглобин синтезі үшін фолий қышқылы қажет. Сондықтан оны дәрумендер қатарына жатқызады.

Анемияны анықтау

Эритроциттер құрамы мен гемоглобин құрамын тексергеннен кейін дәрігер анемияның ненің әсерінен болғанын анықтайды. Гемоглобин синтезі тек темірдің жетіспеушілігінен ғана емес, ақуыздың да жетіспеушілігінен де орын алып жатады.

Фолий қышқылы тек қан айналымының дұрыс жүруіне ғана пайдалы емес, сонымен қатар, іште жатқан баланың да дамуына зор ықпал етеді. Балаларға да Фолий қышқылы қажет. Ол емшек сүті, сиыр сүті, жануарлар еті, жасыл жемістердің, жаңғақтардың құрамдарында бар.

Анемия қай кезде өршиді? Бала темірді, фолий қышқылын, ақуызды қажетті мөлшерде тамақ құрамынан ала алмағандықтан анемия пайда болып, ауру өршиді. Өнеркәсіп көп орналасқан экологиясы нашар қалаларда, көп жағдайда, 3-6 жас аралығындағы балалар қаназдыздық ауруымен жиі ауырады.

Сиыр сүтін қайнатпай ішу қан азаюына өз септігін тигізеді екен. Оның құрамында темір аз болса да, ақуыз көп болғандықтан қанды азайтады. Сондай-ақ, түрлі инфекциялық аурулар кезінде де анемия пайда болады.

Гемоглобиннің қалыпты мөлшеріГемоглобиннің қалыпты мөлшері. Әдетте қаназдық кезінде баланың тері түсі сұрланып, ағарып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы да, еріннің үстіңгі жағының ағарғанын байқауға болады. Баланы сондай дәрәжедегі анемияға жеткізу ол ата-ананың жауапкершілігінің жоқтығын көрсетсе, төменгі деңгейдегі қаназдық білінбейді де. Сондықтан қан тапсырып гемоглобинді тексертіп тұру керек. Орташа гемоглобин мөлшері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Оны кестеден көре аласыздар.

Баланың организімін темірмен қамтамасыз ету үшін күнделікті жеп отырған тағамдарымыз пайдалы болып көрінгенімен, темір тапшылығы байқалып тұрады. Баланың күнделікті тағамдық қорын жеміс-жидек, көкөністермен толықтырып отыру керек. Мысалы: әр тағамның 100 грамында неше мг. темір бар екенін есептеп көрейік: сиыр сүті — 0.05 мг, жұмыртқа — 2.5 мг, жаңғақтар- 5мг, бауырда — 10 мг, тауық еті — 1.5 мг, алма мен алмұрт — 0.9 мг, сәбіз бен қызынақ — 0.6-0.7 мг, балықта — 1 мг.

Бір жасқа дейінгі балалар ішетін сүт қоспасының құрамында қандай мөлшерде темір бар екені жазылғандықтан ол туралы бұл мақалада жазудың қажеті болмады. Ал шала туылған балаларға арналған сүтке келер болсақ, оның құрамындағы темірдің мөлшері көбірек болады. Сол сияқты, балаларға арналған дайын ботқаның құрамындағы темірдің сіңуі қиынырақ болғандықтан, мамандар ботқамен күніне бір рет қана тамақтандыруға кеңес береді. Ал, ешкі сүті құрамында темір, фолий қышқылы жоқ десе де болады. Сондықтан ешкі сүтін жиі ішіп отыратын бала анемияға шалдығуы ғажап емес. Есесіне, ешкі сүті азық-түліктерге аллергиясы бар балалар үшін таптырмас сүт болып саналады.

Балаға темір мен фолий қышқылына бай тағамдарды беру керек. Егер, балаға жастайынан жаңа піскен аскөктерді, жас көкөністерді, бауырдан жасалған тағамдарды жиі беріп отырсаңыз, бала соған дағдыланады.

Анемияны қалай емдеу керек? Темір тапшылығынан болатын қаназдықты үйде емдеу үшін неше түрлі дәрілік препараттар бар. Жалпы, қаназдық кезінде қосымша қан құю деген ой дұрыс емес. Себебі, қосымша қан құйылғанда қан құрамындағы эритроциттер бір айға ғана жарамды болғандықтан аса пайдасы жоқ. Көп қан мөлшерін жоғалтқан жағдайда ғана қосымша қан құйылады.

Анемияны жою үшін қабылдаған темір тапшылығына арналған препараттар үлкен дәретке әсер бере бастаса, басқа дәрілермен алмастыру керек. Кейде, ата-аналар дәрі орнына, мысалы, күнделікті алма т.б. беріп отырсақ орнын толтыра аламыз ба, деп те сұрап жатады. Әрине, аз ғана жетіспеушілік болса, темірге бай көкөністерді тоқтатпай берсе болады. Бірақ, жетіспеушілік көп мөлшерде болған жағдайда дәрігеріңізбен ақылдасып, балаңызға қосымша дәрілік препараттар беріңіз.

Ал, енді бір ата-аналар бір айлық курсты қысқартатын темір препаратының уколын қабылдаса қалай болады екен, дейді. Ондай препараттар бар, бірақ ол ішек құрылысының жолдары бұзылған жағдайларда ғана қолданылады.
Қаназдық — бала денсаулығының басты мәселесі, ал оның дұрыс шешімі ата-ананың қолында. Себебі, олар бала қанының құрамын уақытында тексертіп тұрға жауапты.

Ұқсас мақалалар

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Балаларда жиі кездесетін ангина

Балам жиі ауырады. Неге?

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Балалар арасындағы тершеңдік

Аутизм – психикалық ауытқу

Рахит ауруы (мешел ауруы)

Comments 3

  • мына мақаланы қалай жүктеп алуға болады?

  • Салеметсизба! Казир кызым анемиямен аурып жатыр 3 жас 6 ай шаш сиреп жука болып кетти. Туси саргайыппа алде сурланыппа ерни сурланып тили агарып тили бур турли киши дарети кызгылт май бар сиякты. Гемоглобен томен 51 болып тур. Даригерлер али аныктай алмай отыр казир костанай каласында ауруханада инфекционныда. Даригелер айтат кан кую керек деп мен оган келисим берген жокпын. Комек ауадай кажет Даниял Арайлым Жасуланкызы. Биз актауда турамыз кызым костанайга кыдырып кеткен анасымен осындай жагдай болып тур. Кандай комек болар екен не истеуге болады??? Шугыл жауап кутемин сиздерден! Рахмет!!!

  • Жасулан Меніңде 3 жас 5 айлық қызым бар. Анемия. Гемоглобині 65 болған. Бізге врачтар Ранферон деген сиропты жазып берді соны 6 ай бердім. Қазір гемоглобині жақсы 113 ке көтерілді.

Яндекс.Метрика