mother or teacher helping kid with schoolwork

Баланың психологиялық қажеттілігі

 

Баланың маңызды деген екі психологиялық қажеттілігіне тоқталсақ:

Бұл психологиялық қажеттіліктерді білу сізге, балаңызды жақсы түсінуге және онымен жақсы эмоционалды байланыс орнатуыңызға көмектеседі.

Сонымен, БІРІНШІ ҚАЖЕТТІЛІГІ — Сіздің балаға көңіл бөлуіңіз(внимание), сіздің баламен эмоционалды байланысыңыз( баланың сізбен эмоционалды байланысы, зейіні).

Егер балаға сіздің тарапыңыздан көңіл аудару (внимание ) жетіспесе, бала оны кез-келген жолмен іздейтін болады. Мысалы, шектен тыс еркелеу, айқайлау, ережелерді бұзу, себепсіз жылау , анасын немесе бауырларын ұру, қолындағы заттарды лақтыру, тыңдамау т.с.с.

Бұл сырт көзбен қарағанда «ЖАМАН» мінез-құлық болып көрінуі мүмкін , ал негізі шын мәнінде бала сіздің назарыңызды өзіне аударғысы келіп жатыр.

Мынаны білгеніңіз маңызды, сіз балаға дауыс көтеріп айқайлағанда, ұрысқанда, жазалағанда немесе ұрып жібергеніңіз бұл да назар аударту болып табылады, тек жағымсыз түрі.

Егер балаға көңіл аудару, назар салу(внимание) жетіспесе, ол жағымсыз түрде болса да өзіне назар аударғаныңызды қалайды.

Не істеу қажет?

— Баламен сапалы түрде уақыт өткізіңіз. Баламен бірге балаға қызықты болатындай істермен айналысыңыз;

— Мейрімге бөлейтін сөздер айтыңыз;

— Құшақтаңыз, сүйіңіз;

— Аялы алақаныңызбен ана жылулығын сездіріңіз;

Бала дұрыс жасаған кезде дауыстап, естіртіп баланың дұрыс жасағанын айтып отырыңыз, сонда бала сіздің айтқаныңызды орындауға тырыса бастайды.

Бұл оған сіздің назарыңыз бен эмоционалды байланысыңызды сезінуге көмектеседі.

Екінші қажеттілік — өзінің жеке күшін сезіну, өзінің бар екенін және маңызды екенін, жеке тұлға екендігін сезіну. .
Балаға оны өзінің айналасындағы ересектер(ата-анасы) сыйлайтынын, ойымен санасатынын, пікірін тыңдайтынын сезіну маңызды.

Ол өз өмірінде қандай да бір кішігірім нәрсені бақылауда ұстағысы келеді, жағдайға әсер еткісі келеді, өзіндік «Менін» сезінгісі келеді. .
Сіз талап еткенде, мәжбүрлегенде баланың сезімі мен ой, пікірін бағалағанда, басқалармен салыстырғанда, оған таңдау мен шешім қабылдау еркіндігін бермегенде, айқайлап не жазалағанда — ол өзінің бар екенін және маңызды екенін сезіне алмайды.

Сондықтан сізбен дауласады(спорить), «әдейі» (на зло) жасайды, сізбен қарсыласады және өзінің «МЕНІН» көрсетеді. Сіз баланы қаншалықты мәжбүрлеп және айтқаныңызды жасатуға тырыссаңыз, ол соншалықты күштірек қарсыласады.

Не істеу қажет? .
— Балаға меншік ретінде қарамай, жеке тұлға ретінде сыйлаңыз. Келісіңіз, түсіндіріңіз, шешім табудың жолын бірге іздеңіз, қолдау көрсетіңіз, басқа жолын ұсыныңыз, ұнайтын ісімен айналыстырыңыз, қызықтырыңыз. Тек мәжбүрлемеңіз. .
— Жай(бәсең) және сыйластықпен сөйлесіңіз. Басқа өзіңіз сыйлайтын адамдарға қандай қарым-қатынас жасайсыз, балаға да сондай қарым-қатынаста болыңыз. Сонда бала көп қарсыласпайтын болады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика