Сәбиіңіз сау болсын десеңіз

Сәбиіңіздің дені сау болу үшін

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір ауруы болмағанда, жүйке-психикалық дамуы үйлесімді, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеті жоғары болғанда ғана оның дені толық сау деп айтуға болады.

Сәби денсаулығы

Сәби денсаулығы оның құрсақішілік даму ерекшеліктері, тектік бейімділігі, қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайы секілді көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Кішкентай балалардың көптеген функционалдық жүйелері, әсіресе, жылуды реттеу жүйесі әлі толығымен дамымаған, сондықтан қоршаған орта жағдайы қолайсыз болғанда олар тез ыстықтайды және жылдам тоңады. Демек, балаға суық тиеді.

Баланы өсіріп, тәрбиелеудегі маңызды шарттар — оны шынықтыру, белсенді қозғалуына ықпал ету, дене тәрбиесі, жасына сай физиологиялық дұрыс күн тәртібі, тиімді тамақтандыру.

Жоспарлы түрде шынықтырылмаған бала жиі ауырады, оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну процестерінің пневмонияның жиі асқынуына алып келеді. Бүкіл сауықтыру жұмысының негізгі факторларының бірі организмді күнделікті өмірде де, арнайы ауа және су процедураларын жүргізу барысында да шынықтыру болып табылады. Шынықтыру жүйесіне ауамен шынықтыру, таңертеңгілік жаттығу, контрасты ауа бұлаулары, таза ауамен тыныстап ұйықтау кіреді.

Күнделікті өмірде шынықтыру элементтеріне қолды шынтаққа дейін жуу, жуыну жатады. Бұларды балаға біртіндеп үйретеді.

Аяққа (табан, сирақ) салқын су құйыну, салқын және жылы суды кезектестіріп құйыну, жалпы су құйыну, денені суға малынған қолғаппен ысқалау, ауызды салқын сумен шаю да шынықтыру амалдарына жатады. Шынықтырудың барлық түрлеріне ортақ ережелерді есте сақтау қажет. Олар: шынықтыруды бала толығымен дені сау болған жағдайда (аурудың жөтел, тұмау секілді белгілері болмаса) жылдың жылы мезгілінде бастау қажет. Ең бастысы бала таза ауада көбірек серуендеп, үнемі ауа райына сәйкес киініп, ыстықтамағаны және терлемегені дұрыс. Бала күн сәулесіне үйренуі тиіс, сондықтан алғашқы күндері оны негізінен таңертеңгілік уақытта далаға 5 минуттан асырмай шығарған дұрыс. Біртіндеп бұл уақыт 30-35 минутқа дейін ұзартылады.

Қорыта келе айтарымыз, сәбидің қалыпты дене дамуы, психомоторлық жетілуі, организмнің жұқпаларға және қоршаған ортаның басқа да жағымсыз әсерлеріне тиісті дәрежеде қарсы тұруы тек ол дұрыс тамақтандырылғанда, күн тәртібі жасына сай, күтімі дұрыс болғанда және шынықтырылған жағдайда ғана мүмкін болмақ.

Гүлбану АЙБЕРГЕНОВА, жалпы білімді дәрігер
Ақтөбе газеті, фото: moro-blog.gr

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика