Сүт пен D дәрумені болашақ балаларды ересектерге тән шашыраңқы склероздан қорғайды

Өткен жылдың  ақпан айында Американдық Неврология Академиясының (The American Academy of Neurology) ғалымдары: Жүктілік кезінде сүт пен D дәруменін пайдалану болашақ нәрестелерде кездесетін үлкендерге тән шашыраңқы склероздың даму қаупінің алдын алады — деген тұжырым жасаған болатын.

Сүт, Сүт суреті, Сүт туралы

Мамандар 35 мыңнан астам анадан жүктілік кезіндегі тамақтанулары туралы, сүтті және D дәруменін қолданулары туралы ақпарат алды. Сұрау-сараптау жұмыстарынан соң 199 балада шашыраңқы склероздың дамығаны белгілі болды. Зерттеудің анықтап берген тағы бір нәрсесі — аналары тұрақты түрде сүт ішкен және D дәруменін пайдаланған балаларда шашыраңқы склероз кеселінің өте сирек кездесетіндігі. Мысалы, салыстырмалы түрде айтсақ, аналары жүктілік кезінде күніне 4 стакан (шамамен 1 литр — ред.) сүт ішкен балаларда шашыраңқы склероздың даму қаупі аналары жүктілік кезінде айына тек бірнеше рет қана сүт ішкен балаларға қарағанда 56% төмен болған. Сонымен қатар, жүктілік кезінде D дәруменін тұрақты түрде пайдалану болашақ балаларда шашыраңқы склероздың даму қаупін 45% азайтатындығы анықталды.

Әрине, сүт ішкен пайдалы. Бірақ кейбір адамдарда сиыр сүтіне деген аллергия болады. Ондай жағдайда тек D дәруменін (табиғи түрде болғаны абзал) пайдалануға тура келеді.

Дәрумендермен байытылған сүт, майлы балық (мысалы: арқан балық (лосось)) және күн сәулесі D дәруменінің қайнаркөздері болып табылады.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика