Тұмау туралы не білесіз?

Тұмау (грипп) – жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен және интоксикация (ағзаны улау) белгілерімен сипатталатын аса жұқпалы инфекциялық аурулардың бір түрі. Аурудың атауы француздың «grippe» – «ұстау» сөзінен туындаған. Біразға дейін аурудың алғашқы атауы инфлюенция (латынша «influre» – «басып кіру» деген мағынада) деп аталып келген.

Тұмау, грипп

Тұмаудың вирустық сипатын алғаш рет 1933 жылы ағылшын мамандары Smith, Andrewes, Leidlaw анықтады. Оның қоздырушылары – ортомиксовирустар тобына жататын құрамында вирустары бар РНҚ (рибонуклеинқышқылдары). Олар жекелеген үш түрге топталады: А, В, С. Тұмаудың вирустары – жасушаішілік (внутриклеточные) паразиттер.
Вирустар сыртқы әсерге өте сезімтал болып келеді: тікелей түскен күн сәулесінің, ультрадыбыстың, формалинның ықпалынан өмір сүруін тоқтатады; ал 60°С температурада вирустың инфекциясы мүлдем жойылып кетеді.

Эпидемиология (жұқпалы аурулардың шығуы, дамуы туралы және олардан алдын ала сақтану және күресу жөніндегі шараларды зерттейтін ғылым). Ауру кең даланы шалған өрттей өте кең тараған. Алдымен ересектер ауырып, олардан балаға жұғады. Эпидемиялық аурулардың қатарына жатады. Әсіресе қыс мезгілінде бұл эпидемиялық ауру қатты жүреді. Бұл адамдардың жоғары тығыздылығына, қоршаған орта температурасының төмендігіне, дәрумендердің жеткіліксіздігіне байланысты.

Аурудың 5-7 күнінен кейін сыртқа шығарылатын демнің шоғырлануы тез төмендейді де ауру адам айналасындағыларға аса қауіп төндірмейді. Негізгі эпидемиялық қауіп аурудың қайтып келе жатқан және субклиникалық түрінен туындайды. Ауру адам төсекте тыныш жатпай, әрі-бері қозғалыста жүріп, айналасындағы адамдарға үлкен қауіп келтіреді.

Инфекция көбінесе ауада тамшы жолымен таралады. Шырышты тыныс алу жолдары арқылы вирустар жөтелгенде, түшкіргенде, әңгімелескенде, тыныс алғанда көп бөлінеді және ауада бірнеше минутқа дейін сақталып қалады. Кейде үйдегі жалпы адамдар тұтынатын заттар арқылы да жұғуы мүмкін: жуынатын заттар, емізіктер, ыдыс-аяқтар, ойыншықтар.

Тұмау адам жасына қарамайды, оған тіпті жаңа туылған сәбилер де шалдығады. Ауру қайтқан соң адам бойында мықты иммунитет қалыптасады. Екінші рет ауруды жұқтыру тұмау вирусының серовариантына байланысты.

Клиникалық белгілері. Инкубациялық кезең бірнеше сағатқа (2-4) созылады. Ауру күтпеген жағдайда, температураның жоғары көрсеткіштерінен (39-400С), денесі қалтыраудан, бастың айналуынан, жалпы әлсіздіктен, бұлшықеттер мен буындардың ауырсынуынан басталады. Тәуліктің бірінші күнінің соңына қарай, кейде екінші күні температура өте қатты жоғарылайды, басы айналып, көзі ауырып, мазасызданады, тәбеті жоғалады, ұйқысы бұзылады, кейде сандырақтай бастайды, көз алдында елестер пайда болады, құсады, жүрегі айниды. Аздап жөтеліп, мұрны бітеліп қалады немесе мұрыннан сұйық көп бөлінеді, тамағы жыбырлап ауырады, әсіресе жұтынған кезде. Ал ауыр түрінде мұрнынан үнемі қан ағады, аз уақытқа талып қалады, сіңірі тартылады, менингеальды белгілер байқалады.
Аурудың бірінші күнінде қан құрамында лейкоцитоз, ал 2-3-күндері лейкопения болуы мүмкін.

Топтастырылуы. Асқынуына байланысты ауруды жеңіл, орташа, ауыр немесе токсикалық, гипертоксикалық деп бөледі. Аурудың ауырлығы жалпы интоксикацияға байланысты анықталады (гипертермия, неврологиялық белгілері: басы ауырып айналады, талып қалады, денесі тырысады, менингеальды белгілер, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысының бұзылуы).
Тұмаудың жеңіл түрі. Жеңіл түрде ғана өтеді. Аздап жөтеледі. Асқыну белгілері байқалмайды.

Ал орташа түрінде интоксикацияның барлық белгілері айқын байқалады: денесі қалтырайды, басы ауырып айналады, бұлшықеттері мен буындары ауырады. Дене температурасы 39,5°С дейін көтеріледі.
Ауыр түрі бұдан да ауыр күйде өтеді: ақыл-есінен айрыла бастайды, сандырақтайды, көз алдына елестер пайда болады, құсады, денесі қысқа уақытқа қалтырайды, дене температурасы 40-40,5°С дейін көтеріледі. Ауыр бактериялық асқынулар және жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының бұзылуы, өкпесінің ісінуі, іріңді-некротикалық ларинготрахеобронхит байқалуы мүмкін.

Гипертоксикалық түріне менингоэнцефаликалық, геморрагиялық, гипертермикалық белгілер тән.

Балаларда тұмау жасырын түрінде де өтуі мүмкін. Мұндай кезде баланың дені сау болып көрінеді. Тұмаудың мұндай түрлері тек лабораториялық тексеруден өткеннен соң ғана анықталады.

Тұмаудың токсикалық және гипертоксикалық түрлері 1 жасқа дейінгі сәбилерде жиі кездеседі.

Жаңа туылған сәбилер мен 1 жасқа дейінгі сәбилердің тұмауы 

Бұл жастағы тұмаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Ауру біртіндеп басталады, дене температурасы аздап көтеріледі, тері бозарады, емгісі келмей жылайды, салмағы азаяды, кейде мұрны бітеліп, жөтеледі, жиі құсады, мазасызданады. Интоксикациялық белгілер болмайды немесе айқын байқалмайды.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардағы тұмау. Мұндай жаста тұмау өте ауыр түрде өтеді: интоксикациялық белгілер айқын байқалады, орталық жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады, менингоэнцефалитикалық белгілер тән. Қабынулар айқын байқалады. Асқынған түрінде: іріңді қабынулар, синусит, пневмония (өкпенің қабынуы) болады.

Емделу. Ересек адамдар үй жағдайында төсекте жатып, ешқайда шықпай, бір бөлмеде емделсе де болады, ал балаларды аурудың асқынған түріне қарай ауруханаға жатқызу керек.

Тұмаумен ауыратын адамның бөлмесін жиі-жиі желдетіп тұру қажет.
Ем-домы: сүтті-өсімдікті өнімдер мен дәрумендерге бай азық-түліктерді қолдану, жеміс-жидек шырындарын, морс, кисель, ыстық шай мен ыстық сүтті, сілтілі минералды суларды көбірек ішу. Ішек-қарын, асқазан жолының жұмысын міндетті түрде бақылап отыру қажет. Барлық ауруларға аскорбин қышқылын қабылдау тағайындалады.

Вакцинамен алдын ала емдеу. Арнайы емдеу шаралары ретінде инактивті және тірі вакциналар қолданылуы мүмкін. Вакцинация ең алдымен балалар арасында жүргізілуі тиіс: кішкентай сәбилер, мектеп жасындағы, балабақшадағы, интернаттағы балалар, ОРВИ-мен жиі ауыратындар, асқынған өкпе ауруымен, асқынған бронхитпен, астмамен (демікпе), анемиямен (қаназдық) ауыратындар, жүрегі ауыратындар.
Қант диабетімен ауыратындар үшін де алдын ала емдеу шараларын жүргізсе денсаулығына пайдалы.

Жоғарыда аталған аурумен ауыратын балаларға вакцинация жасау мүмкін болмаған жағдайда, сол балалармен тығыз қарым-қатынаста болатын отбасы мүшелеріне, жақын адамадарына жасалады.
Жүкті әйелдерге жасалатын вакцинация қатаң және жеке түрде жасалу керек.

фото: wday.ru

Ұқсас мақалалар

Науқас баланың күтімі

Гипертермия

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Балалар арасындағы тершеңдік

Дене қызуы: себебі, салдары, қызуды төмендету амалдары

Балаларда жиі кездесетін ангина

Балалардағы анемия (қаназдық)

Яндекс.Метрика