Бала тәрбиелеу неге қиындап барады?

 

Тақырып айтып тұрғандай қазір бала тәрбиелеу оңай шаруа емес.

Бұрын бізді ата-анамыз қалай тәрбиеледі?

Бізге көңіл бөлмесе де, сүйіспеншіліктері мен мейірімдерін жиі көрсетпесе де біз неге ата-анамызға ренжімедік.Ұрысса да, ұрса да біз неге күйзеліске түспедік?

Біз неге ата-анаға қарсы сөйлемедік?

Бір ғана жауап: Ол кезде қоғам басқа, адам басқа.

Заман өзгерген жоқ, тек адам өзгерді деген сөздерді жиі естимін. Жоқ, заман да, адам да өзгерді(өз ойым).

Адам өзгерген соң, адамға қатысты дүниенің барлығы өзгерді.

Нелер өзгерді десеңіз…

ішетін тамағымыз; .
киетін киіміміз;

тұтынатын затымыз; .
айтатын сөзіміз; .
тыңдайтын әніміз;

мінезіміз, тәрбиеміз, жүрісіміз тағы жаза берсем тізім жалғаса береді?

Неге? Қалай? десеңіз,
ең бірінші бізді өзгерткен, баланы өзгерткен, батыстық тәрбие.

1. Білім жүйесіне батыстық реформалар, әдістерді енгіздік(оның нәтижесінің не боларын бір Алла біледі. Бар білерім, біз әлі қабылдай алмай жатырмыз).

2. Екінші тәрбие беру құралы ол -теледидар. Біз және біздің балаларымыз қазір не көріп жатырмыз?

Батыстың үлгісін қайталаған шоулар, бағдарламалар, өсек-аяң, мән- мағынасы жоқ, басы бар, аяғы жоқ сериалдар. Ең сорақысы, мұны балалар көріп жатыр.

Мультфильмдерді айтпасам да түсінікті. Қырғын, соғыс, зұлымдық. Баланы агрессияға бейімдейтін дүниелер. Мұның бәрі батыстан келіп жатыр.

3. Ал, енді қазіргі жас өспірімдердің тыңдайтын әнін білсеңіз. Мәні жоқ, мағнасы жоқ дүбәра дүние.

Мынадай ән тыңдайды қазіргі жасөспірімдер:

Аш есікті келдім ескертпей!
Жандырамын, дереу былай кет деймін!…
Таптаурындарыңды бұзамын.
Шекарадан ассын миың!
Ля, Миыңды дайында.

Ал, енді осындай ән тыңдайтын бала не тәрбие алып жатыр осыдан.

Бұл бер жағы. Түсініктісін жазғаным ғой сіздерге. Бұдан да сорақылары бар

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика