Бала тәрбиесіне қатысты 5 қағида

 

Академик, педагог-психолог Шалва Амонашвилидің бала тәрбиесіне қатысты 5 қағидасы:

1.Баламен қарым-қатынас кезінде мына ойды естен шығармаңыз: «Алла тағала, осындай баланы тәрбиелеуді маған сеніп бергенің үшін алғысым шексіз. Мен керемет әкемін немесе анамын, Алла берген алтын балам бар.Балам менің жеке меншігім емес, оны маған Жаратқан берді.Ол өмірге қартайғанда мені бағу үшін емес, өзінің өмірлік жолы үшін келді»

2.Әрбір ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды.
Бірақ «бақыт» дегенді біз — материалдық жағдай, мансап, атақ деп ойлаймыз. Бірақ бақыт жайлы бұл түсініктің ауқымы тар, бұл баланың өмірлік жолын жабады. Ең басты мақсат- жүрегі кең, мейірбан жанды тәрбиелеу керек.
Ал ол биікке қалай жету керектігін балаңа тек өзің арқылы ғана көрсете аласың.

3.Қазір индиго деп аталатын ерекше ұрпақ өсіп келеді. Біздің балаларымыз өмірге біздің жақсы жаққа өзгеруіміз үшін келді. Мұны өмірдің өзі талап етеді.Егер бойыңызда жаман мінез, әдет болса, балаларыңыздың болашағы үшін тоқтатыңыз.

4.Балаларды дұрыс емес ақпараттан қорғау-ата-ананың жауапкершілігі. Қазіргі теледидар мен әлеуметтік желіден көрсетіліп жатқанның барлығы баланың санасын улауда. Оның орнына балаңызға ертегі оқыңыз,
бірге сурет көрмесіне,театрға барыңыз. Баланың мінезін таңдай алмайсың, тек тәрбиелей аласың.
Әрбір бала қазына, бірақ сол қазынаны біз өзіміз қолымызбен құлыптап, кейін балаларымыз кілтін таба алмай жүреді.

5.Кез-келген бала сұлулыққа құштарлықпен дүниеге келеді. Әке-шешенің міндеті- осы құштарлықты дамыту.Оны қалай жүзеге асырамыз? Көркем сөйлеңіз,
үйіңіздің берекесін келтіріңіз,
отбасыныңызда жылы шуақ төгілсін.
Сөз- Алланың берген сыйы. Сондықтан бос сөзге әуес болмаңыз. Әрбір айтқан сөзіңізден даналық төгілсін, балаңызға жүрегін маxаббатқа толтыруды үйретіңіз, кешірімді болуды, жанашырлық танытуды көрсетіңіз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика