Балаңызда бәрі жақсы болсын десеңіз

 

Балаңызда бәрі жақсы болсын десеңіз, алдымен балаңызға қатысты ойлайтын өз ойыңызды өзгертіңіз. Санаңызды сан түрлі негатив ойлардан тазартыңыз. .
Мысалы: Балаңызбен аулаға шықтыңыз делік, балаңыз асыр салып жүгіріп ойнап жүр. Сіз сол мезетте, балам жығылып қалып тізесін жаралап алар ма екен деп ойласаңыз, сол ойыңыз орындалып, балаңыз шынымен де жарақаттанып қалады. .
Ана мен бала арасында көзге көрінбейтін, сезілмейтін бір күш (тартылыс күші десем болатын шығар) бар. Сол күш үнемі ана мен баланы байланыстырып тұрады. .
Балам ауырып қалар ма екен деген ойды үнемі ойлап жүрсеңіз, балаңыз ауырып тынады. Бәрі де ойға байланысты. Мысалы: Бір ыдыс сатып алдыңыз, ол сізге үйге әкелген соң ұнамай қалды делік, ой басқа түрін алуым керек еді, осыны бекер алған екенмін деп ойлайсыз. Үнемі сол ыдысты көрген сайын осыны ауыстыру керек еді, орнына басқасын алу керек еді деп ойлап жүрсеңіз, түбінде сол ыдысыңыз сынады немесе іске жарамсыз болып қалады.
Біздің баламыз керемет жетістіктерге жетеді.
Біздің баламыздың қолынан бәрі келеді.
Біздің баламыздың денсаулығы мықты.
Біздің баламыздың иммунитеті күшті.
Біздің баламыз қатарының алды. .
Біздіңбаламыз саналы.
Біздің баламыз ақылды т.с.с. .

Үнемі осылай ойлаңыз, ойлап қана қоймай айтып жүріңіз. Сонда ойыңыз бен сөзіңіз орындала бастайды. бастай бен сөзіңізге абай болыңыз.

Яндекс.Метрика