Балаларды түсіну үшін

 

Балаларды түсіну үшін ішкі әлеміңіздегі кішкентай баладан хабардар болуыңыз керек. .
.
Сіздің де балалығыңыз, балалық шағыңыз бар. Сол күннен қалған сандық тола естелігіңіз бар.
.
Қанша жыл өтті ұмыттық демеңіз. Ақылыңыз ұмытса да миыңыз, тұла-бойыңыз, санаңыздың түпкірі, сезімдеріңіз ұмытқан жоқ… .
Тек уақыт керек… Өзіңізбен жеке отырып сырласып, сол күндерге саяхат жасап, ішіңіздегі кішкентайдың сағынышын басуға уақыт керек…
.
Бізде уақыт жоқ. Өзімізбен сырласуға уақыт жоқ. Себебі, тірлік көп. .
Тірлік болмаса да сылтау көп. Әйтеуір, өзімізден өзіміз қашудың жолын табамыз. .
Адам өзіне өзі қызық болғанда ғана өзгенің қызығушылығын арттыра алады. .
Балаңыздың көзінде де белгілі бір дәрежені иеленесіз. Оларға сізбен сырласу, сыйласу қызық көріне бастайды. Ал, сіз сылтау іздеп, өзіңіз өзіңізден қашатын болсаңыз өкінішке орай, ондай адамнан бәрі де қашқысы келіп тұрады. Тіпті, балалар да.
.
Жеке қалған сәттерде уақытты қалай өткізетініңізге мән беріңіз. Егер, уақытты пайдаланып, өзіңіздің кім екеніңізге, қайдан келіп, қайда бара жатқаныңызды, қай жерге жетіп, қайда жете алмай жатқаныңызды саралай алсаңыз, ішіңізге үңіле алсаңыз өте жақсы. .
Ал, бұларды ойлаудан қашып, жоқ жерден тірлік тауып, дым болмаса бос, пайдасыз уақыт өткізуге бел буып жатсаңыз өзіңізден қашып жатсыз демек. Бірақ, бұл да бос әурешілік. .
Себебі, өзімізден қашып құтылу мүмкін емес… Өмір-бақи осы «менімізді» тасимыз да жүреміз. Сол үшін де өзіміз қызықпен толуымыз керек. Әйтпесе, іш пысарлық өмір өткізіп, өкініп қалуымыз мүмкін.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика