Баланың еңсесін басатын тәрбие

Баланың еңсесін басатын тәрбие қандай деп ойлайсыздар?
.
Білем, бірден былай ойладыңыздар баланы ұрсу, жазалау, сөзбен сынға алу т.с.с. Дұрыс айттым ба?

Негізі, менің айтпағым бұл емес. Өз атақ-абыройы үшін, балаға «қолдағы қуыршақ» сияқты қарым-қатынас жасау.

Дұрыс тәрбие, дұрыс білім осылай болу керек деген қатып қалған қағиданы ұстанатын ата-аналар бар. (Өздері үшін дұрыс)

Олар не істейді? Баланың арманымен, қалауымен, қызығушылығымен санаспайды.Тіпті балаға армандауға мүмкіндік те бермейді.

Мысалы, «саған осы дұрыс, үлкен жетістікке жету үшін мәнерлеп сырғанауға баруың керек, немесе қазір ағылшын тілін меңгермесең жерде қаласың, озат оқымасаң көше сыпырушы боласың» деген сияқты сөздерді үнемі айта отырып баланың не қалайтынын сұрамастан «Тәртіпті бала» тәрбиелеуге тырысады.

Тіпті, балаға өзін кез-келген ортада еркін ұстауға мүмкіндік бермей қыспаққа ала бастайды. Қарапайым мысал, 4-5 жасар бала кинотеатрда, емханада, метрода кез-келген көпшілік ортада жүгіреді, секіреді, ән айтуы мүмкін, кейде қарама-қарсы отырған адаммен сөйлесуі мүмкін. Мұндайда » Тәртіпті бала» тәрбиелегісі келетін ата-ананың әрекеті қандай болады? «Тыныш отыр», «Ән айтпа», «Сөйлеме», «Жүгірме», «Секірме», «Тиіспе» яғни, тек тыйым салу. Бала дамып жатыр ол қалай «тиіспей» отыра алады, көргісі келеді, білгісі келеді, сезгісі келеді.

Әрине, осы тұста сізде мынадай сұрақтар туындауы заңдылық «Ол неге олай жасайды? Неге біз көпшілік ортада басқа адамдарға ыңғайсыздық тудыруымыз керек? Көпшілік ортада бала тыныш отыру керек емес па?»

Бұл орынды да, жапондар көпшілік ортада басқа адамға ыңғайсыздық тудырмау, басқа адамның уақытына, жеке шекарасына өте сақтықпен қарайды. Және балаларын да солай тәрбиелейді.
Бала көпшілік ортада өзін қалай ұстау қажет, басқаларға ыңғайсыздық тудырмау туралы тәрбие үйде берілу қажет, және жоғарыда жазғанымдай Бала тәрбиесін көпшілік ортада қолға ала қалмаңыз.Бұл дұрыс емес.

Ата-аналар баласының сыпайы, мейірімді, тәртіпті, тілалғыш болып өскенін қалайды. Тәртіпті бала әке-шешесінің абыройы.

Бірақ, кейде мұндай тәртіпті балалардың ішкі стержендері осалдау, әлжуаз болып келеді, ол өздігінен бастамшыл болып өсе алмайды.

Ол тек айтқанды ғана орындайды, ержеткенде де айтқанды тыңдайтын, айтқанды ғана орындайтын адам болып қалыптасады.

Психология ғылымында «өзін қоршаған әлемге базалық сенім» деген термин бар. Бұл сенім баланың кішкентай кезінен бастап қалыптасады. Нені айтқалы отырғанымды түсінген боларсыз, болашаққа сенім ата-анасының о бастағы баласына деген қорғаушы сезімінен, мейірімділігінен, қамқорлығынан, сүйіспеншілігінен пайда болады. Осындай тәрбиемен өскен баланың мінезі батыл, бастамшыл, оптимист болып келеді. Бұл адам болып қалыптасудың іргетасы.

Бірақ, өкінішке орай тәрбиенің дұрыс болмауынан балада өмірге деген сенім бола бермейді.

Бала есейіп үлкен өмірге араласқанда көпшілікпен тіл табыса алмау, өзіне не қажет екенін білмеу, өздіндік бағалауының төмендігімен айқын көрінеді.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика