Баланы жазасыз тәрбиелеу жолдары.

 

Ата-ана баласына балалық шағында қандай сезімдерді көрсеткен болса, бала өмір бойы сол сезімдермен өмір сүреді.
Сенбесеңіз, өзіңізді бір зерттеп қараңыз.

✔кейде әр нәрсеге өзіңізді кінәлі сезінесіз бе? .
✔ адамдарға бір істі сеніп тапсыруыңыз қиынға соғып жата ма?
✔ жақындарыңыз тарапынан жеткілікті түрде бағаланбайтын тәріздісіз бе? .
✔ Кейде, көпшілік ортада, ойымды ашық айтсам, басқалар мен туралы не ойлайды, деген ой келе ма?

Егер мұндай ойлар мазаласа, бала кезімізде болғанымыздай(сол қалпымызда) қабылдана алынбай, әркеттеріміз сыналып, кей жағдайда жаза тартқанымыздың іздер. .
Міне, сізге «таяқ жедік, ешкімнен кем болмадық, адам болдықтың» нәтижесі.

Иә, адам болғанымыз рас, бірақ қандай адам болдық?

✔сабырсыз
✔ашушаң
✔өзіне сенімсіз
✔өз баласының тілін түсіне алмайтын адамға айналдық.

Бала ата-ананың көзінде қандай екенін сіз сөзбен айтпасаңыз да түсінеді.

Балаға сыйлаған әрбір күлкіңіз бен мейіріміңізді қартайған шағыңызда біртіндеп кері аласыз және балаңыз өмірдің ең қиын тұстарына келген сәтінде оны бала кездегі алған қуаныштары мен ата-ананың балаға деген сенімі құтқарып қалатынын ұмытпайық.

Яндекс.Метрика