Леонардо да Винчидің зейін қою тәсілі.

Қайта Өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Леонардо да Винчи тек көркем сурет пен ғылымда ғана жетістікке жетіп қоймай, психологияда да өзінің ізін қалдырыпты. .

Сана мен жанды бояу мен қаламұш арқылы емдеудің тәсілін жасапты.

Оның өз тәсіліне енгізген 23 кеңесі бар  Қазіргі заманның психологтары да Винчидің айтқаны рас деп дәлелдеп отыр.

Бұл тәсіл жүйкені тыныштандырып, сананы сергітеді екен. Кез келген қиын жағдайда жасап көруге болады.
Менің ойымша төмендегі кейбір тәсілдерді балаларға да жасатқан тиімді, әрі пайдалы.

✔Шаршасаң — гүлдің суретін сал.
✔Ашуға булықсаң — сызықтар сал. ✔Ауырсаң — мүсін сомда.

✔Ішің пысса — бір параққа түрлі гүлдің суретін сал. .

✔Көңілсіз болсаң — кемпірқосақтың суретін сал.
✔Қорықсаң — макраме тоқы, құрақ құра.
✔Бойыңды үрей билесе — жіптен орап қуыршақ жаса.
✔Ызалансаң — қағазды ұсақтап жыртып таста.
✔Алаңдасаң — оригами құрастыр. ✔Қатты уайымдасаң — ою-өрнек сал.
✔Бір нәрсені еске түсіру керек болса — лабиринттің суретін сал.
✔Көңілің қалса — картинаның көшірмесін сал.
✔Күдерің үзілсе — жолдың суретін сал.

✔Бір нәрсені түсінгің келсе — мандаланың суретін сал.

✔Күш-қуатыңды тез қалпына келтіру керек болса — пейзаж сал.

✔Сезіміңді түсінгің келсе — автопортрет сал.

✔Осы күйді сақтап қалғың келсе — түрлі-түсті дақтарды сал.

✔Ойыңды жүйелеу керек болса — балауыз ұяшығын не шаршының суретін сал.
✔Өзіңді түсінгің келсе, тілегіңді айқындағың келсе — коллаж жаса.
✔Ойыңды тиянақтағың келсе — нүктелерден сурет құрастыр.
✔Жағдайдан шығатын шешім іздесең — толқын мен шеңбердің суретін сал.
✔Бір жерде ұзақ тұрып қалсаң, ары қарай қимылдау керек болса — спиральдің суретін сал.
✔Мақсатыңды айқандағың келсе – тордың, нысананың суретін сал.

Бұл қазіргі замандағы психологтар қолданып жүрген арт терапия әдісі деуге болады. Сурет салу үшін мықты суретші болу шарт емес. Қолыңыздан келгенінше сала беріңіз.

Аударған Шынар Әбілдә

 

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика