Біздің сәбиіміздің есімі — Адина

Сіздерге хат жазу себебім, бір жарым жастағы қызым бар. Есімі – Адина. Атын әпкесі мен атасы қойды. «Адина» араб тілінен алынған есім. Мағынасы – беделді, ақылды, әділ деген ұғымды береді. Және бір мағынасы – қасиетті жұма күні. Әрине, қазақша есім қоюға да болар еді. Жалпы, біз — Ислам дінін ұстанатын халықпыз. Баланың аты өміріне тікелей байланысты деп өздеріңіз көп жазатын едіңіздер ғой. Сондықтан да біз де «балапанымыз болашақта иманды, таза жүріп-тұратын, дінге жақын қыз болсын» – деп, мұсылманша есім таңдадық.

Байқауға қатысқан себебім, тек жеңу үшін емес, қазіргі таңда «Адина» есімді қыздар көбейіп келеді. Бірақ ата-аналары мағынасын біле бермейді. Тек дыбысталуына ғана көңіл аударады. Менің негізгі мақсатым қызымның есімінің мағынасын түсіндіре білу болатын.

Гүлнұр

Comments 1

Яндекс.Метрика