Біздің сәбиіміздің есімі — Муфида

mufidaАлғашқы перзентімізді отбасылық өміріміздің үшінші жылында көрдік. Нәрестеміз дүниеге келер алдында қандай есім қойғанымыз жөн деп біраз бас қатырғанымыз рас. Ата-ене, басқа да жолы үлкендер тарапынан ат қою турасында талас тумай, Құдайға шүкір, ат таңдау жолдасымыз екеумізге бұйырды. Өйткені, өзіміздің көптен күткен қуанышымызға орай, ата-анасы ретінде ат қою міндеті өзімізде қалды.
Шыны керек, Муфида деп көпке белгілі, таныс есімдердің жанында ерекше дыбысталып, елден ерекшеленсін деп қоймадық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Әкеге жүктелген міндеттің бірі – балаға көрікті және рухани есім қою», – деген екен. Соған орай ат таңдаудың басты талаптарын ескеріп, мағынасы мен көркемдігіне көп көңіл аударуға тырыстық. Ақыр соңында «Муфида» деген есімді таңдадық.
Қызымыздың есімінің мағынасы «пайдалы», «керек» дегенді білдіреді екен. Атына заты сай адам болсын, қоғамға, халыққа, тіптен бүкіл адамзат баласына қызмет ететін кемел тұлға, білімді, білікті, жан-жақты, қабілетті, пайдалы жан болсын деген ниетпен қойып, осы күннен тілеуін тілеп келеміз.

Яндекс.Метрика