Біздің сәбиіміздің есімі — Жанеркен

ЖанеркенЖанеркен — апасы мен атасының ерке баласы.
«Алғашқы немереміздің атын кім қоямыз?» — деп, атасы мен апасы көп ойланды. Небір кітаптар мен Интернеттен қызық әрі ерекше есімдерді іздеумен талай айлар өтті, бірақ лайықты есімді ешкім айта алмаған.

Жанеркен дүниеге келген күні атасы өз бөлмесінде жатып, «Немерем қандай болады екен?» деп ойланып жатады. Немересі әкесіне, яғни ұлына ұқсаса екен деді. Содан соң бабаларына, яғни өзінің әкесіне, әрі жұбайының әкесіне ұқсаса деді. Соңында бәріне де ұқсасын деп, үш есімді қосатын болды.

Ұлы Ержанның – «Жан», бабалары Еркінбек пен Кенженің есімдеріндегі «Ер» мен «Кен» әріптерін алып, немересін ЖАНЕРКЕН деп атады. Содан бері 8 ай өтті. «Тіл-көзден сақтасын» деп, кекілін өсіріп келеміз. Ұлымыз Қазақстанның үлкен азаматы болып өссін!

Анасы

Яндекс.Метрика