Анасының емшек сүтін емген ер баланың ақыл-ойы жақсы дамиды

Анасының емшек сүтін емген ер баланың ақыл-ойы жақсы дамиды

Австралиялық Батыс Австралия Университетінің, Телетон балалар денсаулығы ғылыми зерттеу институтының және тағы да басқа бірнеше зерттеу орталықтарының бір топ зерттеушілері еркек жынысты сәбилердің ақыл-ойының дамуына ана емшегінен емген сүттің оң әсер ететіндігі жайлы ғылыми мәлімдеме жасады.

Зерттеушілер тобын басқарған Уэнди Оддидің (Wendy Oddy) айтуынша, зерттеу жұмысы аясында 2 868 жас нәрестеге бақылау жасалып, оларды зерттеу нысаны ретінде қарастырған. Он жыл бойына бір топ ғалымдардың назарында болып, кейіннен жүргізілген зерттеудің қорытындысы ұзақ уақыт бойына емшек емген 1 038 баланың математика, көркем жазу мен оқу қабілеттері бойынша басқаларынан озық шыққандығы белгілі болды.

Бір қызығы, емшек сүтін емген тек ер балалардың ғана оқуда озат болып, ақыл-ой дамуы жөнінен басқаларға қарағанда алда болғандығы анықталған. «Бұның себебі ана сүтімен берілетін антистресстік эстроген гармонында жатыр» – дейді, Уэнди Одди. Сонымен бірге, эстроген гармоны ер балалардың ағзасына түсіп, олардың жүйке жүйесінің тұрақты дамуына оң ықпал етумен қатар стресске қарсы тұра алатындай етіп өсіреді. Стрессіз өмірдің баланың жан-жақты дамуы үшін қаншалықты маңызды екендігін айтпаса да түсінікті.

Зерттеу жұмысын бастаған кездегі мақсаттары емшек ему мен оқудың арасында қандай тығыз байланыс бар екенін анықтау болыпты. Онжылдық зерттеуден кейін ана сүтінің әсері жыныстық ерекшеліктерге байланысты әртүрлі болатынын анықтаған ғалымдардың өздері таңданыс үстінде болған. Себебі ана сүтінің қыз балаға басқаша, ер балаға басқаша әсер етуі белгісіз құбылыс болған және ғалымдар ондай нәтиже күтпеген еді.

Бұған дейін (2008 жылы) канадалық МакГилл Университетінің зерттеушілері Беларусьте туылған 14 мың нәрестеге зерттеу жұмыстарын жүргізген еді (Зерттеу тобын Майкл Крамер басқарды). Аталған зерттеу жұмысының қорытындысы емшек сүтін емген балалардың зияткерлік (интеллект) қасиеттерінің жасанды сүтпен қоректенген нәрестелердің зияткерлік қасиеттеріне қарағанда жоғары болатындығын көрсетіп еді.

Ұқсас мақалалар

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Мастит және оның алдын алу

Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

Баланы емшектен шығару

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика