Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Кіндігіне күтім жасау
Сәбидің алғашқы күндері кіндігі – сипаты жағынан жазылып келе жатқан жара тәріздес, үнемі назарда ұстап отыру қажет. Егер кіндігі қызарып, ісіп кетсе, оған инфекция түсуі мүмкін. Ал егер дүрдиіп, аздап көкшіл тартып тұрса, бұл – кіндік жарығының белгісі. Екі жағдайда да уақыт оздырмай дереу дәрігерге қаралған жөн.

Кішкентай сәбилердің гигиенасы, Кішкентай сәбидің суреті, Баланың суреті

Кіндікті қалай тазалау керек? Инфекция түспес үшін кіндікті күнделікті тазалап отыру керек:

  1. патогенді микроағзалардың дамуы үшін кіндік қолайлы орын болғандықтан, кіндіктің қабыршақтарын жібітіп, алып тастау үшін сутек тотығының ерітіндісіне малынған гигиеналық таяқшалармен жайлап сүрту керек.
  2. тазаланған орынды құрғақ гигиеналық таяқшамен құрғату.
  3. таза, құрғақ кіндікке антисептика дәрісінің ерітіндісін (гауһарлы көк дәрі (бриллиантовая зеленка) немесе марганец қышқылды калий) жағу қажет.

Кіндік түбінің тез бітіп кетуіне сәбиді қайнаған суда жуындыру, киімдерін жиі ауыстрыру да көмектеседі.

Дененің төменгі жағының гигиенасы Сәби денесінің төменгі жағына алғашқы күндері, яғни әр емізген соң оның ішек-қарындары артық заттардан тазартылған сайын жиі күтім жасау керек (тәулігіне 6-10 рет). Әдетте олардың дәреттері ботқа тәріздес, сұйық болып келеді. Оның түсі ашық немесе қою сары болуы мүмкін. (Қандай да бір ауытқушылықтарды (іш қату, іш өті, жасыл қосындылардың пайда болуы) байқасаңыз, дәрігерге хабарлау керек, бұның бәрі дисбактериоздың салдарынан болуы мүмкін.) Алғаш рет үлкен дәретке (өте қою, қарамайға ұқсас, бұл сәбидің тоңғағы (меконий) – алғашқы үлкен дәреті, ішек жолдарында жатыр ішінде дамып жатқанда-ақ пайда болған) сәби туылған бетте отыратынын естен шығармау керек.

Жуып-шаюға арналған заттар:

  • таза кішкене жаялық (подгузник);
  • таза ползункилер;
  • таза жаялықтар;
  • қайнаған суға арналған ыдыс;
  • мақталы тампондар;
  • балаларған арналған лосьондар;
  • балаларға арналған майлықтар (салфетки);
  • сеппе ұнтақ (присыпка);
  • балаларға арналған кремдер (мысалы, цинк оксиді қосылған ланил-глицеринді негізде: ол сәбидің терісін тітіркенуден сақтайды, базданудың (опрелость) алдын алады, микробтардың көбеюіне жол бермейді.)
  • пайдаланылған кішкене жаялықтарды тастауға арналған шелек.

Анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұл мен қызды түрліше жуындырады.

Қыз баланы жуындыру

  • Пайдаланылған жаялықтарды шешіңіз.
  • Денесінде қалған артық кірді балаларға арналған майлықпен немесе ылғал дәкемен ұқыпты түрде сүртіп тастаңыз (алдынан артқа қарай бағытталып).
  • Аяқтарының арасын тазартатын лосьонға малынған мақтамен мұқият сүртіңіз.
  • Лосьонға немесе қайнаған жылы суға малынған басқа мақтамен жамбас-сандарының қыртыстарын сүртіңіз.
  • Терісіндегі ылғалды құрғату үшін сеппе ұнтақты пайдаланыңыз: алақаныңызға сеуіп, сәбидің денесіне біркелкі жағыңыз.
  • Сәбидің аяқтарын көтеріп, таза ылғал мақтамен алдынан артқа қарай тағы да бір сүртіңіз (егер кір болмаса, жыныс еріндерін ішінен сүртпеңіз).
  • Анальды тесігін таза мақтамен сүртіңіз.
  • Құйрығындағы артық ылғалды құрғату үшін де сеппе ұнтақты пайдаланыңыз.
  • Қолыңызды жуыңыз.
  • Сәбидің терісіне арнайы крем жағыңыз. Сәбидің терісін ылғалдандыру үшін қосымша ретінде минералды балалар майын қолдануға болады.

Ұл баланы жуындыру

  • Пайдаланылған жаялықтарды шешіп болған соң, аздаған уақытқа кідіре тұрыңыз: тура осы уақытта кейбірі кіші дәретін сындырып жатады. Жалаңаш күйінде ұл бала бірнеше рет сиетінін ұмытпаңыз, сондықтан қолыңызда қосымша жаялықтар болсын.
  • Денесінде қалған артық кірді балаларға арналған майлықпен немесе ылғал дәкемен ұқыпты түрде сүртіп тастаңыз (алдынан артқа қарай бағытталып).
  • Аяқтарының арасын тазартатын лосьонға малынған мақтамен мұқият сүртіңіз.
  • Лосьонға немесе қайнаған жылы суға малынған басқа мақтамен жамбас-сандарының қыртыстарын сүртіңіз.
  • Терісіндегі ылғалды құрғату үшін сеппе ұнтақты пайдаланыңыз: алақаныңызға сеуіп, сәбидің денесіне біркелкі жағыңыз.
  • Жылы суға малынған мақталы тампондармен жыныс мүшесін сүртіңіз. Абай болыңыз: нәзік теріні зақымдап алмаңыз, жыныс мүшесінің басындағы теріні ығыстырмаңыз.
  • Ұмасының айналасына сеппе ұнтақты себіңіз.
  • Анальды тесігін жылы суға малынған таза мақтамен сүртіңіз.
  • Жыныс мүшесінің айналасына (тек айналасына, жыныс мүшесіне жақпаңыз!) крем жағыңыз.

Беті-қолды жуу
Бетті жуғанда алдымен көзден бастайды. Мақталы тампон дайындап алыңыз (әр көзге). Көзді асықпай, сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай қайнаған жылы сумен жуыңыз.
Бетті де қайнаған жылы сумен, сабынсыз жуады. Губка немесе жұмсақ жөкені (мочалка) пайдаланбаңыз.
Бетті сүрту үшін бөлек сүлгі қолдану керек. Асықпай, нәзік түрде бетін құрғатыңыз, ысқылауға болмайды.

Мұрын мен құлақты қалай тазартуға болады?
Мұрынды күту. Мұрынды ішінде жиналып қалатын шырыштардан міндетті түрде тазалау қажет. Өйткені ол сіңбіріне алмайды ғой. Ол үшін мақталы таяқшаларды қолданған ыңғайлы, ал егер ол қолыңызда болмаса тығыз оратылған мақтаны пайдалануға болады. Мұрын жолдарына таяқшаны терең сұқпаңыз, көзіңізге көрініп тұрған бөліктерін тазаласаңыз да жеткілікті. Егер шырыштары кеуіп қалса, таяқшаны жылы суға малыңыз (абай болыңыз: таяқшадан су сорғаламауы керек, әйтпесе сәби шашалып қалады).

Құлақты күту. Құлақты да мұрынды тазалағандай тазалайды. Тек мақтаны суламайсыз.
фото: strana-sovetov.com

Comments 2

Яндекс.Метрика