Сәбидің терісі нәзік әрі сезімтал болады

Алғашқы кезде араласуға болмайды

Жаңадан туылғандардың терілері сыртқы ортаға бейімделу үшін бірнеше күнді қажет етеді. анасының құрсағында қағанақ суының ішінде бір қалыпты температура мен қорғайтын ортада туылғанған дейін жатқан сәби жылы, суық, қатты, жұмсақ заттармен жасануға және желді ауа ағынына үйренеді. Оны сыртқы ортаға бейімделу процесі дейміз.

Бейімделу процесіне сырттан ешқандай күш (басқа адамдардың әрекеті), зат (түрлі крем, май, су т.б.) араласпау керек. Барлығы өз уақытымен болады. Сәбидің терісі нәзік әрі сезімтал болатындықтан оған араласып, бүлдіріп алмау керек. Ең дұрысы, алғашқы бірнеше күнде тыныштық күйде ұстаңыз.

Сәбидің терісіАлғашқы күндері сәбиді шомылдыруға болмайды. Өйткені бұл уақытта оның терісі қажетті күйге келіп, жаңа ортаға бейімделеді. Жуындыру, крем жағу, майлау сияқты әрекеттер ол процеске кедергі келтіреді. Барынша таза ауада ұстауға тырысыңыз.

Алғашқыда тері толық жетілмеген болады

Сәбидің терісі туылғанда тек қана жұмсақ болып қоймайды, сонымен бірге өте жұқа (ересек адамның терісінен бес еседей жұқа) әрі өте сезімтал келеді. Сезімтал болғанымен қорғаныш қызметі мен терідегі бездердің қызметі толық жетілмеген болады. Жалпы, бұл жағдай тек туылғаннан кейінгі біренше күнде емес, бірнеше айларда байқалады. Сондықтан алғашқы айларда жас нәрестенің терісіне назар аударып, күтімді дұрыстап жасау қажет.

Нәресте терісі шапанын кисін

Жас сәбилердің терісі толық жетілмегендіктен, жетілсе де ересектердің терілері секілді берік болмайтындықтан оны көптеген химиялық қоспасы бар косметикамен «мазаламау» керек. Ал тым жас сәбилердің терісіне келсек, олардың терілері алғашқыда терінің май қабаты мен тер бездерінен тұратын тері мантиясынсыз болады. Тері мантиясы дегеніміз сыртқы қышқылдық ортадан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар тері қабаты. Оны жалпақ тілмен терінің шапаны деуге де болады.

Он жылдан соң ғана

Он жылдан кейін, яғни бала он басқа толғанда терісі ересектердікіне ұқсас қасиеттерге ие болады. Оған дейінгі уақытта баланың терісін көп «мааламаңыз». Олай дейтініміз, жас теріні бұзып алу өте оңай. Ал қалпына келтіру қиын шаруа.

Балалардың терілерін Күн сәулесінен, химиялық қоспасы бар косметикалық заттардан, тырнап жіберетін заттардан қорғау керек. Әсіресе, жаз мезгілінде ойын жасындағы балалардың денесіндегі ашық жерлерін (тізесі, шынтағы) жаралап алмауына көңіл бөліңіз. Егер жараланып қалса, жарасын асқындырмауға тырысыңыз.

фото: mamanyam.ru

Ұқсас мақалалар

Сәбидің шашы, шаш тазалығы

Нәрестенің физикалық дамуы

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу, кіндігіне күтім жасау

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Comments 2

  • сабидин денесин канша айдан бастап сылауга болады? менини балам 3 айлык денеси бетине майда кызыл шыгып кетти. Туылганнан сон 15 куннен кейин. калай кетируге болады????

  • Салеметсіздерме менин босанганыма 11кун болд кызымнын мойнына бетине колына шабына уак кызыл бортпе толып кетти не истесем болад билесиздерма чиридага жуындырдым маргансофкыге сурттим кетпи тур

Яндекс.Метрика