Шала туылған сәби, Шала туылған бала, Premature birth, Недоношенный ребёнок, Шала туылған сәбидің фотосы суреті, Шала туылған баланың фотосы суреті, Недоношенный ребёнок фото

Шала туылған нәресте және оның күтімі

Өзімізді қоршаған ортадағы зиянды факторлардың ұрыққа әсер ету зардаптарының бірі – баланың айына жетпей туылуы. Бірақ шала туылудың тағы да бұдан басқа да себептері кездеседі: әйел көп ұрықпен жүкті болған жағдайда, жыныс мүшесі онша жетілмеген жағдайда, қатты күйзеліске ұшырағанда, әйелдің жүктілік кезінде денесі жарақаттанса, т.б. Осындай себептерден және оларды толық жоюға мүмкіндіктің болмауынан айына жетпей босану да әзірге жойылмай келеді.Шала туылған сәби, Шала туылған бала, Недоношенный ребёнок, Шала туылған сәбидің фотосы суреті, Шала туылған баланың фотосы суреті, Недоношенный ребёнок фото
Шала туылған сәбилердің айы-күні жетіп туылған нәрестелерден жетілуі жағынан біраз айырмашылықтары бар. Олардың салмағы жеңіл, бойы қысқа, терісі жұқа, көкшіл түсті, тері астындағы май қабаты жоқ болуы мүмкін. Бүкіл денесін, ал өте шала туған жағдайда, тіпті бетін де түк мол жауып тұрады. Құлағының шеміршегі жұмсақ, қалқандары қисайып бітеді, симметриясы сақталмайды. Кіндік сақинасы іштің төменгі жағына орналасқан. Жыныс мүшелері жетіліп бітпеген (ер балалардың жұмыртқасы шат қуысында немесе іш пердесінде болады; ал қыз балалардың жыныс қынабы үлкен жыныстық еріндер жетілмегендіктен, ашық тұрады). Кеудесіне қарағанда, басы үлкен болып келеді, мойны жіңішке әрі ұзын. Дауысы әлсіз. Қол-аяқтары шидиген, ұзын болады. Бет терісі тынбастан, тіпті ұйықтап жатқан кезде де жиі жыбырлап тұрады.
Шала туылған баланың көптеген ағзалары мен жүйелерінің қызметі толық дамымаған. Орталық жүйке жүйесінің нашар дамуы ең алдымен денесінің жылуы мен дем алу орталығының жеткіліксіздігінен байқалады. Тыныс алуы нашар, ретсіз, жиі, кейде үзіліс жасап үстірт дем алу салдарынан, ас қорытатын ағзалар қызметінің жеткіліксіздігінен (емшек сора алмау, жұтына алмау) және қорғану реакциясының нашарлығынан шала туылған балалар арасында ауру мен өлім көп болады.
Сондықтан шала туылған сәбилер үнемі көңіл бөлуді талап етеді: күтіп-бағудағы болымсыз кемшіліктердің өзі өте ауыр, кейде қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін. Ал керісінше, дұрыс қамқорлық жасап, жақсылап күткен жағдайда, тіпті аман қалуы екіталау-ау деген баланың өзі дені сау, сүйкімді де ақылды адам болып өседі.

Шала туылған сәби, Шала туылған бала, Premature birth, Недоношенный ребёнок, Шала туылған сәбидің фотосы суреті, Шала туылған баланың фотосы суреті, Недоношенный ребёнок фото

Шала туылған баланың күтімі

Шала туылған сәбилер үйлеріне қайтаруға жарайтындай болып ширағанша емханада ұсталады. Әдетте емханада шала туылған нәрестелерді күту үшін жеке бөлме бөлінеді, оларға аса тәжірибелі медбикелер бекітіледі.
Шала туылған баланы қайсыбір себептермен мамандандырылған мекемеге орналастыруға мүмкіндік болмай қалса, онда оны үй жағдайында да күтіп, ширатуға болады.

Үйдегі күтімнің негізгі міндеттері – балаға қажет жылуды дұрыс ұстау, барынша шыдамдылықпен қарау әрі дұрыс тамақтандыру, нәрестенің тыныс алуын жақсартуға, аурулардан қалай да сақтандыруға тырысу.
Шала туылған бала жататын бөлме ауасының температурасы 22-250с аралығында болуы керек. Бірақ бұдан сізде бала жатқан бөлме қапырық болуы керек деген түсінік тумауы тиіс: керісінше, бөлмені жиі-жиі желдетіп, ауасын тазартып тұру қажет. Бала төсегі терезеге жақын немесе жел өтіне қойылмасын.
Салмағы 2 кг-нан асып туған бала онша жылы орауды қажет етпейді. Оған 2 көйлек (жұқа және бумази) кигізіп, жаялықпен орап қояды. Қолдарын бос қалдырады. Көрпенің астына жылы қыздырғыш (грелка) қояды немесе бөтелкеге жылы су құйып, аяқ жағына және баланы бір жақ қырына сәл жатқызып, арқасына қоюға болады, суы суып қалғанда ауыстырып тұрыңыз. Мезгіліне 2 ай және одан да көбірек жетпей шала туылғандарды жылырақ киіндіреді. Олар үшін ең қолайлы киім – екі жеңі көмкерілген бас киімі бар кеудеше. Баланы жұқа жаялық пен бәйкеден (жұмсақ түкті мата) тігілген жаялық және бәйкеден тігілген көрпемен орап, қапшыққа (конверт) жатқызады. Егер баланың мұрны мұздап, маңдайы суыса, онда бас киімнің ішіне жұқалап мақта салып қойыңыз. Қатты орап, баланың тынысын тарылтуға болмайды. Демалуға өкпесінің барлық бөліктері толық қатысу үшін баланы ауық-ауық аударып жатқызып отыру қажет.
Егер баланың қызуы қалыпты жағдайда болғанымен, терлей берсе, бұл оның ыстықтап жатқанын көрсетеді. Олай болса, баланы жеңілдеу орау керек. Өйткені шала туылған балалар тез тоңумен бірге, тез ыстықтағыш та келеді. Бұл екеуі де оларға өте зиян.

Шала туылған баланың терісі тым нәзік әрі зақымданғыш келеді. Ол көп көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан да мұндай баланы күтетін адамдардың қолы таза да жылы болуға тиіс.
Шала туылған баланы алғашқы 2-3 айлығында қайнаған суға шомылдырады. Алдымен ыстық су құйып, сосын суық су араластырады. Судың температурасы 300с болу керек (әзірлеген суыңызды жуылмаған қолмен тексеріп көруге болмайды!). Шомылдырған кезде баланың басынан басқа денесін түгел суға батырасыз. Арнайы бала сабынын пайдаланыңыз.
Судан шығарғаннан кейін сәбидің денесін жылы сумен шайып, алдын-ала жылытып қойған жаялыққа орайды. Денесін абайлап жаялықпен сүртеді. Тері қатпарларына зарарсыздандырылған күнбағыс майын жағады.
Күнделікті баланыңыздың мүшелерін тазалап тұру қажет. Ол үшін қайнаған суға малынған мақтамен бетін, көзін (әр көзін жеке мақтамен) жуасыз. Мұрнын вазелин майына салып шиыршықталған мақтамен тазартыңыз. Қолдарын суға батырып жуасыз да, мақтамен немесе үтіктелген жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртесіз. Шала туылған баланың құйрығын жылы суға батырып мақтамен жуады, сосын құрғатып, шаттарына май жағып қоясыз. Баланың дене қызуын шатынан өлшейді. Бұл кезде оның ашылып, суық тиіп қалмауын қадағалаған жөн.

Серуенге шығарда да абай болу керек: температураның күрт өзгеруі сәбиге қолайсыз әсер етуі мүмкін. 1500 г. және одан артығырақ салмақпен туылған балаларды 2 аптаға толған соң, ауа температурасы 25-260с жаздың тынық күндерінде серуенге шығаруға болады. Күз бен көктемде серуенге ауа температурасы 100с жылы күндері 1,5 айлық, салмағы 2500 г-нан кем емес балаларды ғана шығаруға рұқсат етіледі. . Қыста ауаның температурасы 80с суықтан аспаған жағдайда шала туылған 2 айлық, салмағы 2800-3000 г. балалармен ғана таза ауаға серуенге шығуға болады.
Серуенді күніне 15 минуттан бастап, 1-1,5 сағатқа дейін жеткізу керек. Қыста және көктемде бұл мақсатта жылытылған дәлізді пайдаланған жөн.

фотолар: tehrantimes.com, topnews.in

Нұрбану Омарова

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика