Балық

Балық пен етті сәбиіңізге беруге бола ма?

Уақыт көзді ашып жұмғанша зымырап өтіп жатыр. Сәбиіңіз өсіп келеді. Алғашқыда оған жемістер мен көкөністер, әртүрлі жармалар (крупа) берсеңіз, енді оған тағамына одан да маңызды азық-түліктерді енгізу қажет. Олар – құрамы ақуыз бен минералды заттарға, дәрумендерге бай (фосфор, калий, темір) ет пен балық.

Баланы ет пен балыққа үйретуді аз мөлшерден бастаған жөн. Оған қоса, міндетті түрде педиатрдан (сәбиіңіздің денсаулығына, ағзасының ерекшелігіне байланысты ет пен балықты тағамына ерте не кеш енгізу туралы) кеңес алыңыз.

Ет
Ең алдымен, 8-9 айлық сәбилерге ағзаның тітіркенуін (аллергия) аз тудыратын түйетауық (индейка) немесе қоян етін аз мөлшерде ұсынуға болады. Кейінірек тауық еті, сиыр еті, бұзау етін де пайдалана аласыз. Ал қой етін өте майлы болғандықтан, ең соңынан, есейген соң берген жөн. Қаназдықпен ауыратын сәбилерге бұл азықты 1 жасқа толмас бұрын пайдалануға болады. Әсіресе, құрамында көп мөлшерде А және В12 дәрумені, темір мен мырыш (цинк) бар сиыр бауыры пайдалы.

Күніне ¼ шай қасық мөлшеріндегі етті сәбиіңіз бұрыннан жеп жүрген тамаққа араластырып бере бастаңыз, мысалы, көкөніс езбесі. Ақырындап, күндік мөлшерін көбейте беруге болады: тәулігіне 30-40 г., бір жасқа қарай 50-70 г. . Алғашқы кезде өнеркәсіпте өндірілген ет езбесін пайдаланған дұрыс. Өйткені олар қажетті мөлшерде ұсақтап туралған және сапасы да жоғары. Сәбиіңіз тағамның жаңа түріне үйренген кезде етті түрлі жармалар мен көкөністерді қосып, дайындай беруге болады.

Өнеркәсіпте өндірілген ет езбесінің ұсақталу дәрежесіне байланысты гомогенді (біртектес қоспа; еттің ұсақталу көлемі 0,3 мм.), езбе тәріздес (көлемі 1,5 мм.), ірі мөлшерлі (көлемі 3 мм.) деген 3 түрі бар. Ашылған ыдыстағы қалған етті банкіге салып, тоңазытқышта 22-24 сағат сақтауға болады.

Балық еті, Балық

Балық
Ағзаның тітіркенуін туғызуы мүмкін. Сондықтан ол сәбидің тағамына 11-12 айлық кезеңінде енгізіледі. Алғашқы кезде майлы емес түрлерінен бастаған жөн: камбала, нәлім (треска), аптасына 1-2 рет беріңіз. Балық ақуыздың, А, D, В2, В12, PP дәрумендерінің, кальций, фосфор, магний, мырыш, йодтың  қайнаркөзі болып табылады. Бұл заттардың адам денсаулығына және ағзасының жақсы жұмыс істеуіне өте қажет. 1 жасар баланың тағамдық үлесінің құрамында (аптасына) 100 г. балық болу керек. Ет сияқты, оны да белгілі бір тамаққа (көбінесе гарнирмен) қосып берген дұрыс.

Еттікі сияқты, балықтың құрамында ірі талшықтар жоқ, сондықтан ағзаға тез сіңіп, тез қорытылады.

Балықты үйде дайындау үшін теңіз балығын (хек, нәлім (треска), арқан балық (лосось), камбала) және өзеннен ауланған балықтарды (көксерке (судак), бахтах (форель), дөңмаңдай (толстолобик) балықтары) таңдаған дұрыс. Ал ағзаның тітіркенуін тудыратын балықтың уылдырығы мен теңіз өнімдерін әзірге бермеген жөн (мүмкіндігінше 3 жасқа дейін).

фото: stockphotos.it

Нұрбану Омарова

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика