Сүттің пайдасы, Сүт

Сүттің пайдасы. Қажетті мөлшерін анықтау

Дүниеге келгеннен бастап баланың кез келген тағамдарының құрамында сүт кездеседі. Мысалы, анасының сүті – табиғи дәрумендер көзі. Кейін ол пайдалы сиыр сүтімен алмастырылады. Оның құрамында бәрімізге пайдалы кальций бар екендігін білеміз. Өкінішке орай, кейбір сәбилердің сүтті жеткілікті мөлшерде қабылдамай жатқанын ата-аналары білмейді. Оның орнына ағзасы мен денсаулығына зиян келтіретін газды шырындар береді.
Тағамның құрамында кальций мөлшерінің аз болуы түрлі зардаптарға әкеледі: тіс проблемасы (сүт тіс және түбір тістері), сүйектерінің тез сынуы, ағзаның тітіркенуі (аллергия), т.б.
Сүйектер мен тістің қалыптасуына әсер ететін кальциймен қоса, сүттің құрамында фосфор да бар. Осы екеуі бірін-бірі толықтырып тұрады. Сонымен бірге, балаға қажетті пайдалы дәрумендерге де бай: А дәрумені (бойының өсуін реттейді, көзіне, терісіне пайдалы), В2 дәрумені (тері жасушаларының «тыныс алуына» әсер етеді), С, Е, Н дәрумендері, т.б. да бала ағзасына қажетті заттар.

Қажетті мөлшерін анықтау
3 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 600 мл. сүт және сүт өнімдері қажет (сүтте пісірілген түрлі ботқалар), ал ересек балаларға (3-тен 7 жасқа дейін) шамамен 500 мл., оның ішінде табиғи йогурттар мен қышқылданған сүтті өнімдер (айран) бар.
Шектен тыс көп қолдануға да болмайды: сүт сұйық өнім болғанымен де, шөлді басатын шырындар қатарына жатқызбаңыз (ол тағамға жатады). Сәби сүтті тым көп қабылдаса, жемістер мен ботқалардан, көкөніс салаттарынан бас тартатын болады.
Сәбиіңізге сүтке какао қосып дайындап беруге болады немесе түрлі жемістерді қосып, бір уыс жидек пен (мысалы таңқурай мен құлпынай) бірнеше бөлікке бөлінген бананды салқын сүтте блендермен араластырып, сүтті коктейль жасап беруіңізге де болады. Жатарда бал қосылған жылы сүтті берсеңіз, ұйқысы тыныш болады.
Балаңызға сүтті таңдағанда пайдасы туралы ғана ойламаңыз, сонымен қоса, денсаулығы мен ағзасына қауіпсіз болу керек екендігін де естен шығармаңыз. Шығарылған күніне назар аударыңыз. Қолдан алатын болсаңыз, абай болыңыз (тазалық жағдайы қандай екендігін білмейсіз ғой). Көбіне дүкендерде сатылатын пастерленген сүтті таңдаған дұрыс. Себебі олар жеткілікті өңдеуден өткен.

Нұрбану Омарова

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика