Қосымша тамақты қашаннан бастап беруге болады?

Ең алдымен, баланың жаңа кезеңге аяқ басуға дайындығын анықтау.
Оның белгілері
Ең бірінші белгі – бұл бас миының дайындығының(психологиялық) белгісі:
1. Бала физикалық дамудың белгілі бір дəрежесіне жеткен: өздігінен тамақты ұстай алады ( мысалы печенье), оны аузына апара алады, ауызына салып ұнаса жеп, ұнамаса түкіріп тастай алады. Ыммен, не қимылмен тамақ сұрай алады, қай тағам жегісі келетінін білдіре алады. Кішкентай балаларды тілімен сыртқа итеріп салу рефлексі қатты болады, ал тамақ бастауға дайын балада бұл рефлекс төмен болады, сол себепті аузына салынған тамақты иектерімен шайнап, қақалмай жұтып, жей алады.
2. Балада тағамға деген қызығушылық туындайды. Дастархандағы басқа заттарға, не анасына емес дəл тағамға. Тынымсыз болып, бірнəрсе сұрап отырған балаға қолына алдап басқа зат берсе, ашуланып, сұрағаны ол емес екенін барынша білдіреді. Сондықтан, дастархан басына бара сала, бала бірден өзіне тамақ беруін асыға күтіп, соны сұрап əбігерге түседі. Бұған себеп,асқазанда тамақ қорытатын ферментер тамақ көре сала бөлінеді де,миға » тамақ керек» деген сигнал береді!
Екінші белгі асқазан ішек жолдарының дайындығының белгісі: аздан тамақ өнімін беріп қарағанда балада ешқандай қиындық тумайды. Аллергияда, іш өтуі, құсу сиақты жағымсыз жағдайлар болмайды. Егер сіз жаңа тағам өнімін бергеннен кейн, терісінде бөртпелер шығып не баланың іші ауырып, өтіп не іші қатса, яки бала нəжісінде сол тағам өнімі еш өзгеріссіз сыртқа шықса, онда ол тағам түрін енгізуді кешіктірген дұрыс. 1 апта тіпті мүлдем қосымша тағам бермей, емізе тұрған абзал!
Осылардвң ішінде ТАМАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ біз үшін аса маңызды. Əдетте, бұл 5-7 ай аралығында байқалады.
Есте сақтайтыны, мына кездері қосымша тағамда бастауға болмайды:
-бала ауырып қалса( себебі бұндай кезеңде қорғаныштық антиденелері бар ана сүтін барынша көп емгені жақсы) əрі ауырып жатқан балаға бұрын соңды жемеген жаңа тамақ түрін беру аллергия шақыруы мүмкін. -стресстік жағдайлар.

Айдана Кеңесханқызы

Яндекс.Метрика