Кіндік жарығы (грижасы)

Жаңадан туылған сәбилерден бастап емшектегі балалар арасында кіндік сақинасы (кіндік грижасы) деген ауру кездеседі. Кіндік жарығы кезінде жылаған баланың кіндігі сыртқа қарай шығып кетеді. Бұл ауру айтарлықтай қауіпті емес және сәбиді көп мазалай бермейді.

Кіндік жарығы кезінде кіндік сақинасы ішектің бір бөлігімен толып қалады. Бір рет көтерілген ішек аз уақыттың ішінде қалпына келе қоймайды. Мысалы, сәби шыңғырып жылап, кіндігі 0,5 см-ге дейін көтерілсе, бірнеше аптадан соң қалпына келеді. Ал 1 см-ге дейін көтерілсе, бірнеше ай уақыт, тіпті бір жыл уақыт керек болады.
Кіндік жарығы, Кіндік грижасы суретКіндік жарығы (грижасы)

Кіндік жарығынан қалай құтылуға болады?
Кіндік жарығы көп жағдайда, сәбидің құрсағындағы көкшандыр (қарынның көк еті) қатайған кезде кетеді деуге болады. Оған дейін сәбидің қатты жыламауына баса назар аударуға тура келеді. Егер сәби көп әрі қатты күшеніп жылайтын болса, жарық кішіреймей, керсінше, үлкенірек болады.

Қарынның көк етін қатайтуға арналған жаттығулар кіндік жарығынан ертерек құтылуға көмектеседі. Ол үшін сәбиді күніне бір сәт үсті қаттылау келген заттың үстіне қарнымен жатқызуға болады. Егер жасаған жаттығуларыңызға қарамастан, кіндік жарығы кетпесе, дәргердің көмегіне жүгіну керексіз.

Кіндік жарығы асқынған жағдайда, қарапайым әдістермен емделмеген жағдайда, хирургиялық әдіспен емделеді.

Ұқсас мақалалар

Кішкентай сәбилердің гигиенасы

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу, кіндігіне күтім жасау

Кіндік шеше. Кіндікті еркектер кескен бе?

Яндекс.Метрика