Күннен қорғану. Күн сәулесінен қорғайтын кремдер

Күннен қорғану, Күн сәулесінен қорғануСолнцезащитное молочко детское

Күннен қорғанудың ең тиімді жолы — көлеңке. Көлеңкелі жерде жүріп-тұру арқылы күн көзінен оңай қорғануға болады. Жасы екіден төмен балалардың денесінде ультра-күлгін сәулелерден (мысалы: күн сәулесі) қорғану қасиеті болмайды. Сол үшін көлеңкелі жерде де балаларды жалаңаш алып жүруге болмайды. Басына күн сәулесін өткізбейтін баскиім, балалар арбасына (коляса) шатыр керек.

Бала деген байлап қоятын ит емес, қой емес. Ойнақтаған бұзау немесе байлағанда қыңсылайтын күшік сияқты: балаларды көлеңкеде тапжылтпай отырғызып қоя алмайсыз. Олай болса, оларға күн сәулесінен қорғануға арналған крем жағу керек. Денесінің ашық жерлеріне балаларға арналған күннен қорғану кремін жағып, суға болса, суға; құмға болса, құмға жіберіңіз.

Күн сәулесінен қорғануға арналған кремдердің күннен қорғау факторы күн сәулесі аз түсетін аймақтарда 25-30, көп түсетін аймақтарда 50 болуы керек.

Күннен қорғайтын сүт (солнцезащитное молочко) — күн сәулесінен қорғануға қолданатын жақсы косметикалық өнімдердің бірі. Педиатрлар мұндай өнімді екі жастан асқан балаларға қолдану керектігін айтады. Күннен қорғайтын сүт баланың иммундық жүйесін күшейтеді, аллергиялық қауіпті сейілтеді. Мұндай косметикалық өнім күн сәулесінің астында көптеген айлар бойына болмаған сәби үшін жақсы қорғаныш болады.

Балалардың кішкентай кездерінде күн сәулесіне тап болып, терілерін зақымдап алулары кейін есейгенде пайда болуы мүмкін терінің қатерлі ісігі ауруына шалдығу ықтималдылығын бес есеге арттырады. Сол себептен жас сәбилерді күнің астында қорғанышсыз қалдыруға болмайды.

Күннен қорғайтын кремдердің құрамында теріге өтіп, сол жерде күн сәулесін сүзгіден өткізетін химиялық сүзгілер бар. Немесе минералдық сүзгілер бар. Мысалы: мырыш оксиді, титан оксиді. Минералдық сүзгілерден ақ түсті қабат пайда болады. Ол қабаттағы ұсақ әрі жұқа қабатты пигменттер күн сәулесін айна сияқты шағылыстырып отырады.

Дермотолог мамандар балалар үшін құрамында физикалық (микропигменттер)/минералдық сүзгілері бар кремдерді пайдаланған дұрыс деп санайды.

Микропигменттер теріні құрғатып жібереді. Сол үшін кешке қарай денеге арналған сүтпен баланың терісін кремдеп жібергеніңіз абзал.

Нейродермитпен (тері ауруының бір түрі) ауыратын балалар үшін дәріханаларда арнайы күннен қорғануға арналған косметикалық заттар бар. Олардың құрамында парфюмерялық және бояғыш заттар, консерванттар болмайды, су өткізбейтін қасиеті болады.

Күннен қорғайтын косметикалық заттардың құрамындағы микропигменттер бірден әсер етеді. Демек, кремдіжағып болғаннан кейін бірден күн сәулесі түсетін жерлерге шығуға болады. «Жарты сағат күту» керек деген ереже жоқ. Күннен қорғайтын кремдерді пайдаланғанда баланың құлақтары, саусақтары мен башпайлары кремделмей қалмасын. Күн көзіне шығар алдын кремденуді әдетке айналдыру керек. Балаңыз жуынғаннан (жуылғаннан) кейін бірден сүртпесеңіз, су тамшылары денеге жағымсыз әсер етеді.

uv-kleidung, күннен қорғайтын киімдерUV-Kleidungen

Күннен қорғау факторы 50 немесе одан жоғары киімдер (суретте) күннен кремдерге қарағанда жақсы қорғайды, мынадай киімді кигенде, баланың денесінің жабық бөліктеріне крем жағудың қажеті жоқ. Ондай киімдердің қою түсті және қалың болғаны жақсы.

фото: baby.edelight.de, sparbaby.de

Яндекс.Метрика