Шала туылған баланы тамақтандыру

Шала туылған балаларды тамақтандырудың қиындығы ағза қызметінің едәуір жетілмегендігіне байланысты. Рефлекстердің тым нашарлығынан және жалпы әлсіздік салдарынан олардың сору қабілеті өте төмен болуы мүмкін. Салмағы 1000-1200 гр. болып туылған балада сору рефлексі ғана емес, сонымен бірге, жұтыну рефлексі де болмайды. Ас қорыту процесі жұмыс істемейді. Шала туылған сәбилерге берілетін тамақты белгілеу дәрігер үшін оңай міндет емес. Тіпті салмағы мен бойы, шала туу мерзімдері бірдей балалардың өздерінде жалпы жағдайлары, функционалдық мүмкіндіктері жағынан елеулі айырмашылықтар болуы мүмкін.

<img class=»alignnone size-full wp-image-1038″ title=»Шала туылған баланы тамақтандыру» src=»http://anamenbala.kz/wp-content/uploads/2011/06/shalabala.jpg» alt=»Шала туылған баланы тамақтандыру, Шала туылған бала, Шала туылған сәби» width=»254″ height=»173″ /><img class=»alignnone size-full wp-image-1039″ title=»Шала туылған баланы тамақтандыру» src=»http://anamenbala.kz/wp-content/uploads/2011/06/premature-babyb.jpg» alt=»Шала туылған баланы тамақтандыру, Шала туылған бала, Шала бала, Шала туылған сәби» width=»260″ height=»173″ />

Перзентханада шала туылған сәбиді 12 сағат өткен соң арнаулы тамызғышпен немесе емізікпен қоректендіреді. Алдымен дәрігер аузына сүт тамызып, балада ему және жұту рефлекстерінің бар-жоғын анықтайды. Мұндай рефлекстер жоқ болса, онда баланы арнайы зондпен (зерттеу үшін дегене не бір мүшеге сұғатын медициналық аспап) қоректендіре бастайды. Кейін бала өзі соратын дәрежеге жеткенде ғана зонд емізікпен алмастырылады, содан кейін емшек емізеді. Емшек емізуді бірте-бірте үйреткен жөн. Баланы 15 минуттан артық емізбейді. . Өйткені шала туылған сәбидің тез шаршап қалуын, өте тез арада ұйықтайтындықтарын тойғандықтан деп түсінбеу керек.
Баланы өлшеу арқылы оның қанша сүт емгенін анықтап, нормаға жетпей қалғанын сауылған емшек сүтін (не қосымша тағам да болады) емізікпен немесе шай қасықпен ішкізу керек. Шала туылған баланы таңертеңгі сағат 6-дан бастап, түнгі сағат 12-ге дейін, тәулігіне 7 рет, әр 3 сағат сайын емізеді. Ал өте шала туылған сәбилерді алғашқы апталарда тәулігіне 10 рет, әр 2 сағат сайын қоректендіреді.

Шала туылған сәби үшін емшек сүті ерекше қажет. Балаға 3 айға дейін емшек сүтін беруге міндетті түрде тырысу керек. Емшек сүті жетпеген кезде тамақтандыру жөніндегі мәселені дереу дәрігермен ақылдасып шешіңіз. Дені сау шала туылған баланы 4 айлығынан бастап бірте-бірте айына жетіп туған балалардың тамақтану тәртібіне көшіруге болады.
Алғашқы кезде нәресте үнемі ұйықтап жатады, сондықтан оны емізер алдында ояту үшін жөргегін шешіп, жаялығын ауыстыру қажет, содан кейін барып емізген жөн. Егер бала емшек ұшын өзі таба алмайтын болса, оны аузына өзіңіз салыңыз. Нәрестенің емшекті ембей, аузында құр ұстап тұратын кездері де болады. Ондай жағдайда емшекті аузынан алмай, ақырындап сауасыз. Сүттің дәмін сезген бала бірден сора бастайды. Балаға емшек соруды ұзақ үйретуге болмайды, шаршап қалады. Әр жолы емшекті балаға бірнеше минут қана емізу керек. Нәресте келе-келе бекіп, өзі еметін болады. Сәбиге сүтті аузына емізік кигізілген шөлмекпен бергенде оның төсегінің жанына отырғаныңыз немесе оны қолыңызға алғаныңыз жөн. Шала туылған бала үзіліспен емеді, сондықтан шөлмектегі сүт суып қалса, жылы суға салып жылытып алыңыз.
Емізер алдында емшек ұшын міндетті түрде жылы сумен сабындап жуып, сонан соң таза сүлгімен құрғата сүртіңіз. Сәбиге бөгде адамдарды, сырқаттанып, тымауратып жүргендерді жақындатуға болмайды.
Сәбиіңіздің ыдыс-аяғы да бөлек болуы керек. Сүт берер алдында әртүрлі аурулардан сақтап қалу үшін шөлмек пен емізікті ыстық суға міндетті түрде қайнатып алыңыз.

фотолар: eduguide.org, allaboutvision.com

Нұрбану Омарова

Яндекс.Метрика