Шілденің шіліңгір ыстығы, Шілде

Шілденің шіліңгір ыстығында баланы қалай қорғаса болады?

Шілденің ыстығында балаңызды қорғаңыз!

Шілденің шіліңгір ыстығында баланы неден қорғау керек? Ең әуелі – күннен, әрине. Өйткені, тым ыстық тым суық секілді балаға өте зиянды. Суық секілді денеге өткен ыстықтан баланы сақтамасаңыз басы айналып, жүрегі айнып, дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, мұрнынан қан кетуі мүмкін. Кей жағдайда қалшылдап, дірілдеп кетеді.
Егер осы жағдайға ұшырасаңыз, дәрігер келгенге дейін не істеу қажет?

Дереу күннің астынан көлеңке, салқын жерге жатқызыңыз. Салқын суға малынған шүберекпен денесін сүртіп шығыңыз. Салқын (өте мұздай болмасын) су ішкізіңіз.

Егер ол жаңа туылған сәби болса, қайнаған суды бөлме температурасынан сәл төмендеу етіп жиі-жиі ішкізіңіз. Нәрестенің ағзасы тым әлсіз болғандықтан, күн сәулесін тез қабылдайды. Тағы бір халықтық медицинаның тәсілімен бөлісе аламын(өзім қолданып, нәтижесіне көз жеткіздім) – кәдімгі шашыратқы шөбін шамалы мөлшерде алып, суға қайнатасыз. Сәбидің денесі тоңбайтын, жылымшы етіп, ваннаға отырғызып, үстінен құясыз. Жасына қарай күніне екі-үш рет шомылдыруға болады.

Ыстықтан қалай сақтаймыз?

6 айға толмаған сәби айналадағы ауа өзгерісін тез қабылдайды. Күннің басым бөлігін ұйқымен өткізетіндіктен, көлеңкеде болғаны дұрыс. Дегенмен, арбада жатқан балаңыздың күн астында қалып кетпеуін, арбаның беті жұқа шілтерімен жабықтығын тексеріп отыруыңыз қажет. Күн сәулесінің астында қалып кетсе, арба қызып, іші шамадан тыс ысып кетуі мүмкін.
Ал, одан ересектеу ойын баласы қамсыз күннің астында ұзақты күнге жүрмесін. Сондай-ақ, көлік ішінде де баланы қалдырмаңыз. Металлдан жасалған автокөлік тез қызатындықтан, ыстық денеге өтіп кетеді. Әлі ақыл тоқтатып үлгермеген баланы мүлде қараусыз қалдырмаған дұрыс.
Егер жаз айларындағы демалыста өзен, көлдердің жағасында демалуға ниеттенсеңіз, балаңызды күн көзінен қорғай біліңіз. Бірақ, «керемет қорғаныс беретін» алуан түрлі жарнамадағы «спрей, мазьды» бала денесіне жолатпаңыз. Химиялық қоспалар біріне жақса, бірінде аллергия пайда болады.
Күн сәулесі ағзаға пайдалы болғанымен, ұзақ уақыт күннің астында болу зиянды. Ішке түсіп кететін ыстықтан басқа терінің сыртқы ортадан қорғап тұратын қабатын күйдіріп, түрлі пигментті дақтардың пайда болуына әсер етеді. Керісінше, көлеңкелі жерде құммен ойнаса, ұтпасаңыз ұтылмасаңыз анық. Оған қоса, дамыл – дамыл үзіліс жасап, салқын су ішкізіп, денесін сулап отырыңыз. Газды, тәтті сусынды шектеңіз! Үстіне таза, табиғи жүннен тоқылған матадан тігілген жеңіл киім кигізіңіз.

1 пікір

  • Cаламатсыз ба! Менің атым Лаззат Т.Осыдан 3 жыл бұрын тұрмыс құрдым. Келін болып түскеннен кейін 2 айдан кейін жүкті болып 8 айлық ер бала дүниеге келіп шетінеп кетті. Содан кейін 1 жыл жолдасымыз екеуміз емделіп тағыда аяғым ауыр болып 2 айлығында дәрігерге тіркеліп келгеннен соң екі-үш күннен кейін қызарған көрініп ауруханаға 10 күн жатқызды,содан сон УЗИ-ға түсірген кезде бала ішімде 2 айлығында бұғып қалған болып алып тастады баланы. Содан күндер өте келе араға 6 ай салып күтініп 3 рет аяғым ауыр болды, бұл жүктілік кезінде де азғантай қызарған көрініп жүрді. 3 ай болған кезде бір күні түнде ауырып толғатып бала түсіп қалды. Бірақ бұл жағдай неге осылай болып тұрғанын дәрігерлер де, қазақ емдерде ештене айтпайды. Менде жолдасымда қатты бала сүйгіміз келеді. Сіз қандай кеңес бере аласыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика